Бескөл ауылдық округіндегі көше атауларын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Бескөл ауылдық округіндегі көше атауларын өзгерту туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Бескөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бескөл ауылдық округіне қарасты:
Тармақша 1
1) Қант зауыты елді мекеніндегі Киров көшесі Әбділда Тәжібаев, Торговая көшесі Әсет Бейсеуов, Макаренко көшесі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев, Чкалов көшесі Төлеген Тоқтаров;
Тармақша 2
2) Заготзерно елді мекеніндегі Фурманов көшесі Мұстафа Өзтүрік көшесі атауларына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Бескөл ауылдық округі әкімінің орынбасары Серікжан Нұрғазыұлы Атажановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.