Бескөл ауылдық округіндегі көше атауларын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бескөл ауылдық округіндегі көше атауларын өзгерту туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Бескөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бескөл ауылдық округіне қарасты Бескөл бекетіндегі Восточная көшесі Қаныш Сатбаев, Степная көшесі Нүркен Әбдіров, Фрунзе көшесі Бекзат Саттарханов, Киров көшесі Темірбек Жүргенев, Чапаев көшесі Құрманғазы Сағырбайұлы, Новая көшесі Рақымжан Қошқарбаев көшесі атауларына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Бескөл ауылдық округі әкімінің орынбасары Серікжан Нұрғазыұлы Атажановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.