Бескөл ауылдық округіндегі көше атауларын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Бескөл ауылдық округіндегі көше атауларын өзгерту туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Бескөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бескөл ауылдық округіне қарасты Бескөл бекетіндегі Комсомольская көшесі Әл-Фараби, Мир көшесі Бейбітшілік, Железнодорожная көшесі Мұхамеджанов Тынышбаев, Дружба көшесі Достық, Рабочая көшесі Дина Нүрпейісова көшесі атауларына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Бескөл ауылдық округі әкімінің орынбасары Серікжан Нұрғазыұлы Атажановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.