Жұмахан Балапанов ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жұмахан Балапанов ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қызылащы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмахан Балапанов ауылындағы Молодежная көшесі Мұсаұлы Бейсембай көше атауына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу, Қызылащы ауылдық округінің салық жөніндегі бас маманы Маманов Талғат Әшімұлына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.