Лепсинск ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Лепсинск ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Лепсинск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Лепсинск ауылындағы Ленин көшесі Бикен Римова, Маяковский көшесі Сағырбайұлы Құрманғазы, Чайковский көшесі Мұқан Төлебаев, Горький көшесі Әнуар Әлімжанов, Мир көшесі Ораз Жандосов, Чапаев көшесі Мұқағали Мақатаев, Фрунзе көшесі Қаныш Сәтбаев, 8 март көшесі Ғани Мұратбаев, Октябрь көшесі Шәкен Айманов, Береговая көшесі Мұхамеджан Тынышбаев, Ушинский көшесі Бекзат Саттарханов, Фурманов көшесі Темірбек Жүргенев, Новостройка көшесі Оспанхан Әубәкіров, Менделеев көшесі Мұстафа Қабенұлы Өзтүрік көшесі атауларына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу, Лепсинск ауылдық округ әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізу жөніндегі бас маманы Мадина Темірбековна Джанбаеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.