Үшбұлақ ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үшбұлақ ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Үшбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үшбұлақ ауылындағы Гагарин көшесі Мәншүк Мәметова, Ключевая көшесі Ләззат Асанова көшесі атауларына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Үшбұлақ ауылдық округінің бас маманы Кабдолдина  Нұрсақыш Өмішкенқызына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.