Ақсу ауылдық округі Шолақөзек елді мекенінде атауы жоқ көшелерге Талдыарық және Қосағаш көше атауларын беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Ақсу ауылдық округі Шолақөзек елді мекенінде атауы жоқ көшелерге Талдыарық және Қосағаш көше атауларын беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ақсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақсу ауылдық округі Шолақөзек елді мекенінде атауы жоқ көшелерге Талдыарық және Қосағаш көше атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын іс жүзіне асыру Ақсу ауылдық округі әкімінің бас маман іс жүргізушісі Әмір Мараловқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.