Құжат мәтініне өту

Шет ауданының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 10/03 · қабылданған 28.05.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 31.07.2013 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-53150/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Шет ауданының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыру туралы Қолданыста Қаулы ·№ 10/03 ·28.05.2010

Шет ауданының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыру туралы

ҚАЗШет ауданының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыру туралы

Қолданыста Қаулы ·№ 10/03 · қабылданған 28.05.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Шет ауданының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Шет ауданының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
10/03
Қабылданған күні
28.05.2010
Көрсетілген редакция
31.07.2013 · қолданыстағы AI53150_2.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
31.07.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10KQ000100
ЭКБ идентификаторы
53150
Редакция идентификаторы
AI53150_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:05

0 Шет ауданының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 6 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес, жұмыссыз азаматтарды – орта және жоғары кәсіби білім беру орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, олардың практикалық тәжірибесін, білімдері мен дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерінің аясын кеңейту мақсатында, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Уәкілетті орган "Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі):

1

1) кәсібі бойынша орта және жоғары кәсіби білім беру орындарын бітірген, Жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз жастардың арасында 6 ай мерзімге Жастар тәжірибесін өткізу жұмысын ұйымдастыру, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жұмысқа орналасуға жәрдем жасасын;

2 2) жұмыссыздарға – кәсіби оқу орындарының түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген жұмыс берушілермен Жастар тәжірибесі аясында жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыруға шарт жасасын;

3

3) Жастар тәжірибесін өткізу шараларын қаржыландыру облыстық бюджеттегі 027 "Әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі бағдарламаларын кеңейтуге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетінің ағымдағы мақсатты түрдегі трансферті" бағдарламасы бойынша көзделген облыстық бюджеттегі ағымдағы трансферттердің, сондай-ақ, 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" 102 "Жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары" қосымша бағдарламасында көзделген Шет ауданының бюджеті есебінен жүргізілсін;

4 4) Жастар тәжірибесіне жіберілетін адамдардың орташа айлық аударымдар мөлшері жалпы трансферттер сомасынан жұмысқа орналастырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда 26 000 (жиырма алты мың) теңге мөлшерінде белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шет ауданы әкімінің орынбасары Юржан Асанұлы Бекқожинға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.