О проведении сплошной переписи скота во всех категориях хозяйств области Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың барлық санаттарындағы шаруашылықтардағы мал басын жаппай санағын өткiзу туралы "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттiк статистикасы" Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 18 қыркүйектегi № 445-ө өкiмiне сәйкес, облыстың барлық санаттарындағы шаруашылықтарында мал басының саны туралы мәлiметтердiң толық сенiмдiлiгiне қол жеткiзу мақсатында: 1. Қала, аудан әкiмдерi, облыс әкiмшiлiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы 1996 жылғы 1 қыркүйектегi жағдай бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарында, оның iшiнде шаруа және жеке қожалықтарда меншiк иелерiнiң келiсiмi бойынша мал басының жаппай санағын өткiзсiн. 2. Дайындық жұмыстардың барлық кешенiн үйлестiру және облыстағы мал басының санағын ұйымдастыру үшiн мына құрамдағы комиссия құрылсын: И.Тұрсынқұлов - об­лыс әкiм­шiлi­гi ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы бас­қар­ма­сы­ның ба­стығы, ко­мис­сия тө­ра­ға­сы Ж.А.Қожабаев - облыс әкiмшiлiгi ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының бiрiншi орынбасары Б.Қантөреев - облыстық шаруа қожалықтары мен фермерлер қауымдастығының төрағасы П.Ж.Тастанов - облыс әкiмшiлiгi экономика басқармасы агроөнеркәсiптiк кешен экономикасы бөлiмiнiң бастығы Р.Н.Жаламанова - облыстық статистика және талдау жөнiндегi басқарманың бастығы /келiсiмi бойынша/ Б.Б.Молдабеков - облыстық салық инспекциясы бастығының орынбасары /келiсiмi бойынша/ Ю.П.Василенко - об­лы­стық iш­кi iстер бас­қар­ма­сы ба­стығ­ы­ның орын­ба­са­ры /келiсi­мi бой­ын­ша/
Тармақ 3
3. Облыстық мемлекеттiк статистикасының органдары барлық жерлерде мал басының санағын өткiзу тәртiбi мен есеп мәлiметтердi беру мерзiмдерi жөнiндегi нұсқаулықтарды жүргiзсiн.
Тармақ 4
4. Қала, аудан, ауыл және поселке әкiмдерi, облыс әкiмшiлiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы халық арасында шаруа /фермерлiк/ және жеке қожалықтардағы малды ұрлықтан қорғау, қолдағы малды жеммен, жайлаулармен және өндiрiлген өнiмiн өткiзудi қамтамасыз етуге бағытталған мал басын түгендеу бойынша түсiндiру жұмысын өткiзсiн және үстiмiздегi жылдың қыркүйек-қазанында барлық санаттағы шаруашылықтардағы мал басын қайта есепке алуды ұйымдастырсын. Санақтың қорытындыларын қала, аудан органдары арқылы үстiмiздегi жылдың 16 қазанынан кешiктiрмей облыстық статистика және талдау жөнiндегi басқармасына берсiн.
Тармақ 5
5. Облыстық статистика және талдау жөнiндегi басқармасы мал басының санағын өткiзу бойынша ұйымдастыру және дайындық жұмыстарын өткiзсiн, барлық аудандық бөлiмшелердi санақтың қорытындыларын шығару үшiн қажеттi құрал-саймандармен қамтамасыз етсiн. Мал басының санағы жөнiндегi аудандар көлемiндегi материалдарды жинақтасын және үстiмiздегi жылдың 20 қазанына дейiн облыс әкiмшiлiгiне берсiн /келiсiмi бойынша/.
Тармақ 6
6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары Р.С. Халмұрадовқа жүктелсiн.