Көксу ауылдық округіндегі Ленин көшесі мен атауы жоқ көшеге атау беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Көксу ауылдық округіндегі Ленин көшесі мен атауы жоқ көшеге атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Көксу ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Көксу ауылдық округіне қарасты:
Көксу ауылындағы Ленин көшесі Бейбітшілік көшесі деп аталсын;
Көксу ауылындағы атауы жоқ көшесіне Халықтар достығы атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары Б.Қайтназаровқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.