О переименовании улиц села имени Мамаита Омарова города Аксу Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылының көшелерін қайта атау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес, Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауыл тұрғындарының пікірін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдың келесі көшелерінің атаулары: 1) Солнечная көшесі М. Омаров көшесіне; 2) Молодежная көшесі Ақжол көшесіне; 3) Строительная көшесі Абай көшесіне; 4) Интернациональная көшесі Жамбыл көшесіне; 5) Мир көшесі Дөнентай көшесіне; 6) Школьная көшесі Ш. Арғынбаев көшесіне; 7) Ермаковская көшесі Естай көшесіне; 8) Береговая көшесі Ақсу көшесіне; 9) Клубная көшесі Ақтоғай көшесіне қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.