Түркістан қаласындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түркістан қаласындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Түркістан қаласының төменде көрсетілген атауы жоқ көшелеріне атау берілсін:
Тармақша 1
1) Ясы мөлтек ауданындағы № 9-шы атауы жоқ көшесіне Ілиас Қожабаевтың есімі;
Тармақша 2
2) Иассы аумағындағы мешіт-намазхана жанындағы атауы жоқ көшесіне Қарабаев Әлсейіттің есімі;
Тармақша 3
3) Сауран мөлтек ауданындағы 7-ші атауы жоқ көшесіне Даулетбайұлы Омарбектің есімі.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.