"Болашақ" мөлтек ауданында орналасқан көшеге атау беру жайлы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Болашақ" мөлтек ауданында орналасқан көшеге атау беру жайлы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңының 35 бабын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасын және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазығұрт ауылының "Болашақ" мөлтек ауданында орналасқан атауы жоқ көшеге соғыс және еңбек ардагері Әділ Сасбұқаев атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің бас маман жер инспекторы М.Усербаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.