О представлении информации при выпуске отдельных видов производных ценных бумаг Күшін жойған
Басқа 0
Өтiмдi бағалы қағаздардың жекелеген түрлерiн шығару кезiнде ақпарат беру туралы
Қазақстан Республикасы ұйымдарының эмиссиялық белсендiлiктерi туралы ақпаратты жинау және талдау жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) туралы ереженiң 4-тармағының 3) тармақшасының негiзiнде Ұлттық комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Осы Қаулының 2-тармағында көрсетiлген өтiмдi бағалы қағаздардың жекелеген түрлерiн шығару кезiнде, оларды орналастыру аяқталғаннан кейiн 15 күн iшiнде олардың эмиссиясының проспектiлерi және еркiн нысанда жасалған және шығарылым елiнiң, шығарылым валютасы, шығарылым сомасы, шығарылым андеррайтерлерi (менеджерлерi) және орналастырылу сәтiне шығарылған бағалы қағаздардың бағасы туралы ақпарат енгiзiлген оларды шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есептiң Ұлттық комиссияға беру керектiгi белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Осы Қаулының 1-тармағымен айқындалған норманың базалық активтерi Қазақстан Республикасының ашық акционерлiк қоғамдары болып табылатын, "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми тiзiмiне енгiзiлген өтiмдi бағалы қағаздардың мынадай түрлерiне қолданылатындығы белгiленсiн:
Тармақша 1
1) американың депозитарлық акциялары (Амеriсаn Dероsitаrу Shаrеs);
Тармақша 2
2) американың депозитарлық сенiмхаттары (Амеriсаn Dероsitаrу Rесеiрts);
Тармақша 3
3) ауқымды депозитарлық акциялар (Glоbаl Dероsitаrу Shаrеs),
Тармақша 4
4) ауқымды депозитарлық сенiмхаттар (Glоbаl Dероsitаrу Rесеiрts).
Тармақ 3
3. Осы Қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес ұсынылуға жататын ақпаратты Ұлттық комиссияға:
Тармақша 1
1) демеушiлiк жасалған өтiмдi бағалы қағаздарды шығару кезiнде (осы акционерлiк қоғамның бастамасы бойынша және/немесе қолдаған кезде) акцияларына өтiмдi бағалы қағаздар шығарылған акционерлiк қоғамдардың;
Тармақша 2
2) осындай бағалы қағаздардың демеушiлiк жасалмаған шығарылымы кезiнде (акцияларына осы өтiмдi бағалы қағаздар шығарылған акционерлiк қоғамның бастамасынсыз және қолдауынсыз) Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногының өтiмдi бағалы қағаздар шығаруға және орналастыруға қатысқан кәсiби қатысушыларының беретiндiктерi белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енгiзiлетiндiгi белгiленсiн.
Тармақ 5
5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) және "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін.
Тармақ 6
6. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы осы Қаулыны бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметін жүзеге асыратын және "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының мүшелері болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткізсін.
Тармақ 7
7. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтік қаржылар басқармасына жүктелсін.