Ащысай ауылындағы Ленин көшесінің атауын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Ащысай ауылындағы Ленин көшесінің атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы, 4) тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Ащысай ауылындағы "Ленин" көшесінің атауы "Ортанды" атындағы көше болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.