Жамбыл облысы Сарысу ауданы Түркістан ауылдық аймағына қарасты Түркістан ауылының атауын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Жамбыл облысы Сарысу ауданы Түркістан ауылдық аймағына қарасты Түркістан ауылының атауын өзгерту туралы
Сарысу ауданының мәслихаты мен әкімдігінің ұсыныстарын қарай келе, облыстық ономастика комиссиясының 2010 жылғы 30 наурыздағы оңды шешімін және тиісті аумақтағы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы”2001 жылғы 23 қаңтардағы, “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыстық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл облысы Сарысу ауданы Түркістан ауылдық аймағына қарасты Түркістан ауылының атауы Әшір Бүркітбаев ауылы деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы нормативтік құқықтық Әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.