О снижении вредного воздействия выхлопных газов автомобилей на окружающую среду Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоршаған ортаға автокөліктердің шығаратын газдарының зиянды әсерін азайту туралы Атмосфера ауасын қорғау туралы" заңның 27, 28, 29 бабтарыпа сәйкес облыстағы атмосфера ауасының қанағаттанғысыз жайын көрсеткен 1999 жылдың мамыр-маусым айларында облыс аумағында өткізілген "Таза ауа" операциясының қортындысын қарап және "Ақтөбе облысының аймақтық дәрігерлік-экологиялық бағдарламасының" 18, 23 тармақтарын орындау мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыстың Ақтөбе қаласы жөне аудан әкімдері:
Тармақша 1
1) 2000 жылдың 1 қаңтарына дейін мекемелер мен ұйымдар меншіктік түріне қарамастан жылжымалы көздерден шығарылатын зиянды-түтінді газдарды азайту шараларын әзірлеуді және оларды орындауды қамтамасыз етсін; Электрлі көліктердің дамуына айрықша құзырет және олардың жолаушыларды тасымалдауына басымдылық құқығын бере отырып, 2000 жылдың 1 қаңтарына дейін Ақтөбе қаласы бойынша автокөлікгер :шығаратын тугінді газдың; атмосфераға шығарылу деңгейін азайту жөніндегі бағдарламасын әзірлесін;
Тармақша 3
3) Облыс аудандарындығы ірі мекемелерде бақылау-реттеу пункттерін (БРП), сондай-ақ аудан автокөліктерінің улы түтіндерін бақылайтын дербес БРП ұйымдастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Көлік саны 50 бірліктен және одан да астам техникалық қызмет көрсету және жөндеу стансалары бар мекемелер мен ұйымдардың, басшылары, меншіктік түрлеріне қарамастан, БД 200 Қаз ССР 251-85 талаптарына сәйкес бақылау-реттеу пункттерін ұйымдастырсын және олардың сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) экологиялық талаптарға сай келетін автокөліктерді тасымалдауға шығаруды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) автокөліктерді газды отынға ауыстыру және оларды катализдік бейтараптаулармен жабдықтау жұмыстарын қайта қолға алу;
Тармақша 3
3) қауіпті жүктерді тек қана лицензиялау негізінде тасымалдау. З. Облыстық санитарлық - зпидемиологиялық стансасы (Е. Оңайбаев) жолаушыларды, азық-түлікті тасымалдаушы автокөліктерге санитарлық құжатты тек қана газды түтінді шығару және салондағы шудың деңгейінің көрсететін анықтама негізінде берсін.
Тармақ 4
4. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (А.Иманбеков), жол полициясы басқармасы (Ж.Тасыбаев), көліктерді бақылау комиттегі басқармасы (Б. Ескожин):
Тармақша 1
1) Автокөліктердің экологиялық талаптарға сәйкестігін бақылауды құрал-жабдықтар әдісімен жүргізсін. Басқа жерлерден келгел улы түтіндері тексерілмеген, автокөліктердің қалаға кіруіне тиым салсын.
Тармақша 2
2) Қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиялары барлығын қатаң тексерсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандартизациялау, метрология және сертификаттау орталығының Ақтөбе филиалы (Т. Бейсенбаев) жанар-жағар май станциялары мен мұнай өнімдері қоймаларындағы жанар-жағар майлардың сапасын және бақылау - реттеу пункттерінің (БРП) жұмысын бақылауды күшейтсін.
Тармақ 6
6. "Қазкөлікжол" аймақтық қазыналық мекемесі (АМҚМ) Ақтөбе облыстық филиалы (В.Терещенко) 2000 жылдың 1 қаңтарына дейін автокөлік жолдары мен жолдағы құрылыстарды жақсартудың, қалыпты ұстаудың және оларды орындаудың шараларын әзірлесін.
Тармақ 7
7. Жол полициясы басқармасы (Ж. Тасыбаев), көліктерді бақылау комитеті басқармасы (Б. Ескожин), Қазақстан Республикасы мемтекеттікі стандартизациялау, метрология және сертификаттау орталығының Ақтөбе филиалы (Т. Бейсенбаев), "Қазкөлікжол" АМҚМ (В.Терещенко), сондай-ақ мекемелер мен ұйымдардың басшьшары осы шешімнің орындалу барысы туралы хабарламаны облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасына тоқсан сайын беріп тұрсын.
Тармақ 8
8. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (А. Иманбеков) осы шешімнің орындалу барысы туралы кеңейтілген хабарламаны облыс әқімінің орынбасары Қ. Елеусізовке беріп тұрсын.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары К. Елеусізовке жүктелсін.