Жамбыл ауданы Қарой селолық округінің шекарасын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жамбыл ауданы Қарой селолық округінің шекарасын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6-бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауданы Қарой селолық округінің әкімшілік шекарасына мемлекеттік жер қоры «Түркісіб» учаскесі жерінен 6,0 гектар жер қосылып Жамбыл ауданы Қарой селолық округінің шекарасы өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы нормативтік құқықтық акт Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.