Сарыкемер ауылындағы Маяковский көшесінің атын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сарыкемер ауылындағы Маяковский көшесінің атын өзгерту туралы Сарыкемер ауылдық округі Сарыкемер ауылындағы Маяковский көше тұрғындарының пікірін ескере отырып және «Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Сарыкемер ауылдық округі Сарыкемер ауылындағы Маяковский көшесіне Жақыпбаев Әубәкірдің есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Сарыкемер ауылдық округі Әкімі аппаратының бас маманы Қ.Құралбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.