Шу қаласындағы "Деповская" көшесін Есенғали Қалғаевтың есімімен қайта атау туралы Қолданыста
Басқа 0
Шу қаласындағы "Деповская" көшесін Есенғали Қалғаевтың есімімен қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6,31-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 5-1)тармақшасына сәйкес аудандық ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 31 наурыздағы ұсынысы негізінде Шу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Шу аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шу қаласындағы «Деповская» көшесін еңбек ардагері Есенғали Темірқұлұлы Қалғаевтың есімімен қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен акт Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.