Жаңаөзен қаласы бойынша жаңа сайлау учаскелерін құру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңаөзен қаласы бойынша жаңа сайлау учаскелерін құру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына сәйкес және сайлаушылар санының өсуіне байланысты, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Жаңаөзен қаласы бойынша жаңа 4 сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылып, шекаралары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары О.Нұржаубаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Сайлау учаскесі
Жаңаөзен қаласы әкімінің 2010 жылғы 14 мамырдағы № 39 шешіміне қосымша Сайлау учаскесі Орталығы – 3 А шағынауданы «Жалын» жастар орталығы Шекарасы: Шұғыла шағынауданы: 24/26, 27/28, 29 - үйлер. Сайлау учаскесі Орталығы – Ақсу шағынауданы, № 18 орта мектеп Шекарасы: Ақсу шағынауданы: Тәжіғалиев, Әбілхайыр хан, Ж.Дәуітов, М.Қайырлиев, Т.Қағазов, Ерменбет би, № 9а, 9б, 9в, 10а, 10б - көшелеріндегі үйлер; Жұлдыз шағынауданы: барлық көшелердегі үйлер; Мерей шағынауданы: барлық көшелердегі үйлер. Сайлау учаскесі Орталығы – Арай шағынауданы, № 19 орта мектеп Шекарасы: Өркен шағынауданы: № 67, 68, 69, 70, 71, 73, 74, 75 - үйлер; Арай шағынауданы: № 15 - көшедегі барлық үйлер; Ақбұлақ шағынауданы: Азаттық, Құлбарақ батыр, Бозашы, Т.Алдашев, № 17, № 21, Т.Қадыров, М.Кулебякин, Т.Әшімбаев көшелеріндегі барлық үйлер. Сайлау учаскесі Орталығы – Шаңырақ шағынауданы, облыстық балалар үйінің ғимараты Шекарасы: Мұнайлы шағынауданы: Спорт, № 1 – 9 - көшелеріндегі барлық үйлер; Бостандық шағынауданы: № 9 – 24 - көшелеріндегі барлық үйлер.