О присвоении наименования дендропарку, расположенному на пересечении проспекта Аль-Фараби и проспекта Мухаммеда Хайдара Дулати города Алматы Қолданыста
Басқа 0
Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылы мен Мұхаммед Хайдар Дулати даңғылының қиылысында орналасқан саябаққа атау беру туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабы 4 тармағына сәйкес, қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, қалалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, бірлесе отырып, Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Бостандық ауданындағы Әл-Фараби даңғылы мен Мұхаммед Хайдар Дулати даңғылының қиылысында орналасқан саябақ «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағы» болып аталсын.
Тармақ 2
2. Алматы қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы саябақтың есім көрсеткіштерін жасап және орнатуға Алматы қаласының жергілікті бюджеті есебінен қаржы қарастырсын.
Тармақ 3
3. Бостандық ауданының әкімі (З.Ж. Аманжолова) осы нормативтік құқықтық актіні іске асыру жөнінде қажетті шара қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясына (Е.Б. Тәжиев) және Алматы қаласы әкімінің орынбасарына (С.Т. Сейдұманов) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы нормативтік құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.