Вопросы Комитета охраны окружающей среды Министерства природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қоршаған ортаны қорғау комитетінің мәселелері 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.06. N 1173 қаулысымен. "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1693 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қоршаған ортаны қорғау комитеті туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қоршаған ортаны қорғау комитеті туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 ақпандағы N 260 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қоршаған ортаны қорғау комитеті туралы Ереже 1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қоршаған ортаны қорғау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) құзыретінің шегінде қоршаған ортаны қорғау саласында арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитет Министрлік айқындаған құзыретінің шегінде облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармаларына басшылықты жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Комитеттің егер оған заңдарға сәйкес уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрықтармен ресімделген Қазақстан Республикасының барлық аймағында міндетті күші болатын шешімдер қабылдайды.
Тармақ 5
5. Комитет туралы ереже мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Комитеттің құрылымның Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі бекітеді.
Тармақ 6
6. Комитеттің заңды мекен-жайы: 475000, Қазақстан Республикасы, Көкшетау қаласы, Қ.Сәтбаев көшесі, 1. 📌 ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.25. N 793 қаулысымен.
Тармақ 7
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қоршаған ортаны қорғау комитеті" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитетке кәсіпкерлік субъектілермен Комитеттің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер, Комитетке заң актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджетке жіберіледі.
Тармақ 2. 2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
Тармақ 10
10. Комитеттің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) қоршаған ортаны қорғауды және табиғи ресурстардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингін ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 4
4) қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігін жетілдіру;
Тармақша 5
5) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің жаңа нысандарын әзірлеу және енгізу;
Тармақша 6
6) қоршаған ортаны қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және осы саладағы мемлекеттік және өзге де бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитет заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және оны жүргізуге қатысады;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мониторингі жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады және өз құзыретінің шегінде қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай жүйесіне басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) өз құзыретінің шегінде халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді, халықаралық шарттар мен келісімдердің жобаларын дайындауға және іске асыруға қатысады;
Тармақша 4
4) қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің ставкаларын келіседі;
Тармақша 5
5) қоршаған ортаны ластауға арналған лимиттер мен квоталарды әзірлейді;
Тармақша 6
6) өз құзыретінің шегінде табиғатты пайдалануға арналған шарттар (келісім-шарттар) жасасады;
Тармақша 7
7) өз құзыретінің шегінде лицензиялауды жүзеге асырады және табиғатты пайдалануға рұқсат береді;
Тармақша 8
8) қоршаған ортаны қорғау саласында нормативтік құжаттарды дайындауға және әзірлеуге қатысады;
Тармақша 9
9) қоршаған ортаны қорғау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіруге қатысады;
Тармақша 10
10) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласында ақпараттық және ағарту жұмыстарын ұйымдастырады;
Тармақша 11
11) өз құзыретінің шегінде қоршаған орта сапасының нормативтері мен шаруашылық және өзге де қызметтер бойынша экологиялық талаптарды бекітуге және келісуге қатысады;
Тармақша 12
12) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлауды жүзеге асыруға қатысады;
Тармақша 13
13) өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін Комитеттің заңдарда белгіленген тәртіппен, өз құзыретінің шегінде:
Тармақша 1
1) барлық ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың орындауы үшін міндетті шешімдер қабылдауға;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан және жеке адамдардан қоршаған ортаның жай-күйі, табиғи ресурстарды пайдалану мен үдете өндіру мәселелері бойынша қажетті ақпарат сұратуға және алуға;
Тармақша 3
3) Республикалық қоршаған ортаны қорғау қорына басшылық пен үйлестіруді жүзеге асыруға және оның қызметін бақылауға;
Тармақша 4
4) экологиялық сараптама жүргізу үшін штаттан тыс сарапшыларды және заңды тұлғаларды тартуға;
Тармақша 5
5) кеңесші орган болып табылатын мемлекеттік экологиялық сараптаманың Сарапшылық кеңесін құруға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің ұйымдарымен келіссөздер жүргізуге және келісімдер жасасуға;
Тармақша 7
7) белгіленген тәртіппен табиғат қорғау заңдарында көзделген өзге де өкілдіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 3. 3. Комитеттің мүлкі
3. Комитеттің мүлкі
Тармақ 13
13. Комитет оқшауланған мүлікті жедел басқаруға құқылы.
Тармақ 14
14. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 15
15. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Комитетке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
Тармақ 4. 4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комитетті Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Төрағаның, оның ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
Тармақ 17
17. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басқарады. Комитетке бекітілген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады:
Тармақ 18
18. Төраға осы мақсатта:
Тармақша 1
1) орынбасары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының функциялық міндеттерін айқындайды;
Тармақша 2
2) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелейді;
Тармақша 3
3) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
Тармақша 4
4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 5
5) барлық мемлекеттік органдарда Комитеттің мүддесін білдіреді, шарттар жасасады;
Тармақша 6
6) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Комитеттің консультативтік-кеңесші орган болып табылатын ғылыми-техникалық кеңесі болады.
Тармақ 5. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 20
20. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.