Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы по обслуживанию населения по принципу "одного окна" Қолданыста
Басқа 0
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету жөніндегі ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы
«2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңының 13-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету жөніндегі ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомасын аударуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
Тармақша 1
1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомасын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомасының пайдаланылуы туралы есептерді есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 7. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету жөніндегі ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 шілдедегі
№ 696 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету жөніндегі ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Тармақ 1
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету жөніндегі ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі 056 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «жалғыз терезе» принципі бойынша халыққа қызмет көрсету үшін берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ағымдағы нысаналы трансферттер күрделі сипаттағы шығыстарды қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарын ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға пайдаланылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, жеке қаржыландыру жоспарының негізінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды жүргізеді.
Тармақ 4
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде есептілікті береді.