О создании комиссии по выдаче ходатайств для получения государственных лицензий на сбор (заготовку), хранение, переработку и реализацию лома и отходов цветных и черных металлов Күшін жойған
Басқа 0
«Қара және түсті металл қалдықтары мен сынықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сатуға мемлекеттік лицензия алу үшін ұсыныс беретін комиссия құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2000.06.06 N 119ө өкімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 ақпандағы № 98 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 қыркүйектегі № 969, 1999 жылғы 5 шілдедегі № 924 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 29 қыркүйектегі № 969, толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы», 1999 жылғы 30 қыркүйектегі № 1500 «ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 29 қыркүйектегі № 969 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қаулыларына сәйкес:
Тармақ 1
1. Қара және түсті металл қалдықтары мен сынықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сатуға мемлекеттік лицензия алу үшін ұсыныс беретін комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Комиссия құрамы бекітілсін (№ 1 қосымша).
Тармақ 3
3. Комиссия туралы Ереже бекітілсін (№ 2 қосымша).
Тармақ 4
4. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Басқа 1. Қара және түсті металл қалдықтары мен сынықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жұмыстарына мемлекеттік лицензия алу үшін ұсыныс беретін комиссияның құрамы
Қарағанды облыс әкімінің
1999 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 74ө өкіміне № 1 қосымша
Қара және түсті металл қалдықтары мен сынықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жұмыстарына мемлекеттік лицензия алу үшін ұсыныс беретін комиссияның құрамы
Тармақ 1
1. Мұқамеджанов Камалтин Ескендірұлы – Қарағанды облыс әкімі, төраға
Тармақ 2
2. Сыздықов Елқайыр Қабылкәрімұлы – экономика және кәсіпкерлікті дамыту бас басқармасының бастығы, төраға орынбасары
Тармақ 3
3. Жонкин Талғат Рысқұлұлы – экономика және кәсіпкерлікті Дамыту Бас басқармасының Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры
Тармақ 4
4. Әйтішов Мейрам Серікұлы - экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасы тұтынушылардың нарық саудасы бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы
Тармақ 5
5. Смағұлов Құрманғали Жәрдемұлы – обдыстық ШШББ бөлімше инспекторлары полиция басқармасы бастығы
Тармақ 6
6. Хрупин Сергей Сергеевич – облыстық салық полициясы комитеті басқармасының экономикалық қылмыспен күрес бөлімінің бастығы
Тармақ 7
7. Машицский Олег Владмирович – облыстық өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары
Тармақ 8
8. Сухоруков Геннадий Викторович – облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының жобаларды экологиялық сараптамалау және қалыпқа келтіру бөлімінің бастығы
Тармақ 9
9. Кочегаров Николай Алексеевич – облыстық СЭС – тің өндіріс бөлімінің меңгерушісі
Басқа 2. Комиссия туралы Ереже
Қарағанды облысы әкімінің
1999 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 74ө өкіміне № 2 қосымша
Комиссия туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Комиссия облыс аумағында қара және түсті металл қалдықтары мен сынықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жұмыстарын жүргізуге бұдан былай мемлекеттік лицензия алатын заңды тұлғаларға ұсыныс беру құжаттарын қарайды.
Тармақ 1.2
1.2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Заңдары мен осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссия міндеттері
2. Комиссия міндеттері
Тармақ 2.1
2.1. Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда Министрлігінің лицензиялау және сыртқы сауданы бақылау Департаментінің талабына сай өтініш беретін заңды тұлғалардың ұсынған матариалдары мен құжаттарын қарау.
Тармақ 2.2
2.2. Салық және құқық органдары шаруашылық тұлғалардың лицензиялау ережесін бұзғандығы туралы ұсынған материалдарын қарау және Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда Министрлігіне лицензияны қолдануды тоқтату немесе кері қайтарып алу туралы ұсыныс жасау.
Тармақ 2.3
2.3. Облыс аумағында қара және түсті металл қалдықтары мен сынықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сатумен шұғылданатын кәсіпорындар жұмысына байланысты барлық мәселелерді қарау.
Тармақ 2.4
2.4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қыркүйектегі № 969 қаулысына сәйкес білікті талаптар деңгейінде екендігін тексерген Комиссия жұмысшы органының метал сынықтары мен қалдықтарын жинау пунктерін зерттеу нәтижесін қарау.
Тарау 3. 3. Комиссия құрамы
3. Комиссия құрамы
Тармақ 3.1
3.1. Комиссия құрамын Қарағанды облыс әкімі бекітеді.
Тармақ 3.2
3.2. Комиссияға төраға басшылық етеді.
3.3 Комиссия органының функциясы экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасының бастығына жүктеледі.
Тармақ 3.4
3.4. Комиссия отырысын төраға немесе төрағаның тапсыруымен орынбасар өткізеді.
Тармақ 3.5
3.5. Комиссия отырысы комиссия мүшелерінің 2/3 бөлігі жиналғанда ғана өтеді.
Тармақ 3.6
3.6. Комиссия мүшелері отырысында лицензия беру немесе қайтарып алу туралы шешім қабылданады.
Тармақ 3.7
3.7. Комиссия мүшелерінің жартысынан көбі дауыс бергенде шешім қабылданған болып есептеледі. Егер қолдаушылар мен қарсы дауысберушілер саны тең болса, төраға қолдаған топтың шешімі қабылданады.
Тармақ 3.8
3.8. Комиссия отырысы негізіндегі комиссия шешімдеріне сәйкес отырыстың хаттамасы рәсімделеді.
Тармақ 3.9
3.9. Комиссия хатшысы:
-Комиссия отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныс даындайды;
-Комиссия мүшелері мен осы жұмысқа тартылған мамандардың іс-әрекеттерін үйлестіреді;
-Комиссия отырысының хаттамасын рәсімдейді;
-Комиссия шешімдерінің оындалуын қадағалайды және қамтамасыз етеді.
Тармақ 3.10
3.10. Мемлекеттік лицензия алатын ұсынысқа комиссия төрвағасы қол қояды.
Тарау 4. 4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 4.1
4.1. Комиссия өз жұмысын жүзеге асыру үшін:
-фискальді, құқық қорғау және басқа да басқару органдары өкілдерінен жұмыс жүргізу үшін мамандар мен сарапшылар қатыстырады;
-уақытша және тұрақты жұмыс істейтін сараптаушы және жұмысшы топтарды ұйымдастырады;
-белгіленген тәртіппен жұмысшы органдардан қажетті ақпараттық, зерттеу, анықтама
-статистикалық материалдар, сонымен қатар нормативтік құқықтық актілер алады.
Тармақ 4.2
4.2. Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес комиссия жұмыс уақытын реттейтін іштегі құжаттарды өз бетімен қабылдайды.
Тармақ 4.3
4.3. Комиссия шешімі негізінде комиссия жұмысын қамтамасыз ететін жұмысшы топ оны орындауға қимыл жасайды.
Тармақ 4.4
4.4. Комиссия отырысы айына 2 рет өткізіледі. Қажетті жағдайда кезектен тыс комиссия отырыстары өткізілуі мүмкін.