Тұрбат ауыл округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрбат ауыл округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және Тұрбат ауыл округі аумағы халқының пікірін ескере келе, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Тұрбат ауыл округіне қарасты:
Тармақша 1
1) Тұрбат елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге Болашақ атауы;
Тармақша 2
2) Еңбек елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Жаңағасыр, Наурыз, Атамұра атаулары;
Тармақша 3
3) Қызылдихан елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Ақбұлақ, Береке, Көктөбе, Ырыс, Бірлік, Ынтымақ, Нұр атаулары;
Тармақша 4
4) Өндіріс елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Н.Байтемірұлы, Көктем, Атамекен, Бастау, С.Кенжеғұлов, А.Тұрсынқұлов, М.Сабиров атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.