Көшелерге атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көшелерге атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және Рабат ауыл округі халқының пікірін ескере келе, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Рабат ауыл округіне қарасты:
Тармақша 1
1) Рабат ауылындағы атауы жоқ көшелерге С.Шаймерденов, Шәкәрім, М.Мақатаев, Байтерек, Болашақ, Қажымұқан атаулары;
Тармақша 2
2) Қыдыр Мәмбетұлы ауылындағы атауы жоқ көшелерге Қ.Сатыбалдиев, Т.Байғанаев, Қ.Дәуренов, Ә.Стамқұлов, Жаңа тұрмыс, Ағабек, Ақбастау, Ақмешіт, Қыдыр Мәмбетұлы атаулары;
Тармақша 3
3) Қызылдала ауылындағы атауы жоқ көшелерге Ж.Балқыбеков, Төлеш ақын, Ж.Молдағалиев атаулары;
Тармақша 4
4) Амангелді ауылындағы атауы жоқ көшелерге Исатай батыр, Нұр, Мерей атаулары;
Тармақша 5
5) Атбұлақ ауылындағы атауы жоқ көшелерге Ақжол, Төлеби, Ж. Қаппаров, Ақпан батыр, С.Ибрагимов, Жүнісбек ата, Ақбура, Ащыбұлақ, Бастау, Ортабұлақ, Жарбастау, Табыс атаулары;
Тармақша 6
6) Еңбекші ауылындағы атауы жоқ көшелерге Үшбастау, Береке, Алаш, Бағаналы атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары Қ.Сүлейменге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.