Ауыл округінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл округінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Алтынтөбе ауыл округіне қарасты:
Тармақша 1
1) Алтынтөбе елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Тұрды Маханбетов, Көпбосын Стамов, Имаш Асқаров, Жаппар Керімқұлов атаулары;
Тармақша 2
2) Аққұм елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге Жақсығұлмерген атауы;
Тармақша 3
3) Қаржан елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Ахмет Қосанбаев, Татай Қожамжаров, Қамай Мырзабеков, Қасымбек Кішкентаев, Өскенбай Тілеубаев, Тәжі Ныспанбетов, Тортай Рахимов, Құрбан Майлиев, Салдарбек Дүйсебеков, Самал, Жолдас Жұматаев, Әлімбай Мелдешов, Әбдәлі Дүйсебаев, Анарбай Әлдебаев, Пәзіл Атамбеков, Ештай Елеусізов, Исақұл Шарипов, Қалдыбай Мамбетов, Келес, Мырзахмет Құлекеев, Тұрсынқұл Салыбаев, Паразбек Байдеуов, Смайыл Жайлаубаев атаулары;
Тармақша 4
4) Қосағаш елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Әлжан Сәпиев, Ергеш Қарақұлов, Жастар атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.