Қарабау ауыл округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарабау ауыл округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Қарабау ауыл округіне қарасты:
Тармақша 1
1) Сынтас ауылындағы атауы жоқ көшелерге Ардақ Жүзбаева, Әліқұл Егемқұлов, Мырзалы Абуов, Абдісамат Баратов, Көлібай Майлыбаев, Ахан ата, Тәжі Абдуллаұлы, Елубай Сарыпбеков, Бөрі Лесұлы, Бәйдібек, Рысбай Жобанов, Рысқұлбек Жолдасов, Сабен Төлепов, Бегалы Алиев, Дайрабай, Тастемір Құдайбергенов, Абдіхай, Ілес Тотаев атаулары;
Тармақша 2
2) Қарабау ауылындағы атауы жоқ көшелерге Абай, Дінмұхамед Қонаев, Тұрғыналі Айнақұлов, Төлеби атаулары;
Тармақша 3
3) Үшбұлақ ауылындағы атауы жоқ көшелерге Кейкіман батыр, Өтеуіл Қабылов, Қарымбек Иманқұлұлы, Мақсұт Құралов, Үсіпбай Ағайдаров, Жолдыбай Сауытов, Батырбай Есназаров атаулары;
Тармақша 4
4) Жұмысшы ауылындағы атауы жоқ көшелерге Дүйсебай баба, Мергенбай Құрымбаев, Тастанбек Ержанов атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.