Қолданыстағы ред. 10.06.2010

Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы Николай Голавацкий атындағы көшеде орналасқан саябаққа Бөлек батыр есімін беру туралы от 10.06.2010 г. № 4-30-194 (Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы Николай Голавацкий атындағы көшеде орналасқан саябаққа Бөлек батыр есімін беру туралы)

0

Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы Николай Голавацкий атындағы көшеде орналасқан саябаққа Бөлек батыр есімін беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 5-1-тармағына сәйкес Панфилов аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ, Панфилов аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1

1. Панфилов аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық ономастикалық кеңестің Панфилов ауданы Жаркент қаласының жоғарғы бөлігінде, Николай Голавацкий атындағы көшеде орналасқан саябаққа Бөлек батыр есімін беру туралы ұсынысы мақұлдансын.

2

2. Панфилов ауданы Жаркент қаласының жоғарғы бөлігінде, Николай Голавацкий атындағы көшеде орналасқан саябақ Бөлек батыр атындағы саябақ деп аталсын.

3

3. Осы шешімнің және қаулының орындалуын қадағалау Панфилов аудан әкімінің орынбасары Раев Амантай Абдықадырұлына тапсырылсын.

4

4. Осы шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.