О создании государственного учреждения "Государственный музей Республики Казахстан" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейі" мемлекеттік мекемесін құру туралы Астана қаласының мәдениет объектілерін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Музей) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Музейдің жарғысын бекітсін және оны әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) 2000 жылы экспозицияларды көркем ресімдеу және музей кешенін экспонаттармен, кітап қорымен, жабдықпен, музыкалық аспаптармен жарақтандыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырсын;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері үш ай мерзімде уәкілетті органның ұсыныстары бойынша Музейдің экспозициялары мен қорларын бірегей музейлік заттармен, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен, бағалы кітаптармен және қолжазбалармен қалыптастыруда қажетті көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Музейді қаржыландыру республикалық бюджетте 41 "Республикалық деңгейде тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне көзделген қаражаттың есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Тармақ 5
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.24. N 1172 қаулысымен .
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.