Об утверждении Правил формирования и ведения базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных и выдачи выписки из нее Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 39) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған, Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Р.Ә. Тоқсеитова) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидалары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 39) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру тәртібін, сондай-ақ «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор (бұдан әрі – дерекқор) – диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануарды иеленуші туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға қолжетімділік (бұдан әрі – дерекқорға қолжетімділік) – мәліметтерді енгізу, өзектілендіру, түзету, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордағы мәліметтермен танысу, көшірмесін жасауды, талдауды және дерекқордағы мәліметтермен басқа да операцияларды қоса алғанда, оны өңдеу;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді-көшірме (бұдан әрі – дерекқордан үзінді-көшірме) – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандары ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан жануарлар иелерінің талап етуі бойынша алатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) ветеринария саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ветеринария саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 5
5) оператор – мемлекеттік ақпараттық жүйені сүйемелдеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 6
6) уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі – уәкілетті органның мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 7
7) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттандыру объектісі;
Тармақша 8
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
Тармақ 3
3. Дерекқордың жұмыс істеуі тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйе, мемлекеттік ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) мобильдік қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Дерекқор мыналарға арналады:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің және оларды мемлекеттік есепке алудың бірыңғай қағидаттарын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы жануарларының республика ішінде және олардың экспорты мен импорты кезінде орнын ауыстыруын бақылаудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін құру;
Тармақша 3
3) эпизоотияға қарсы, ветеринариялық, ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар мен диагностикалық зерттеулердің дұрыстығын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдарды ауыл шаруашылығы жануарлары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы жануарлары туралы ақпарат алу;
Тармақша 6
6) ветеринария саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру және оны жұмыс істету;
Тармақша 7
7) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды қоса алғанда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау жүргізу.
Тармақ 5
5. Оператор дерекқорға қолжетімділікті «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ақпараттандыру туралы заң) сәйкес:
Тармақша 1
1) уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің дерекқорға қолжетімділік беру туралы хаты негізінде: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің (бұдан әрі – ведомство) және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін қоспағанда, уәкілетті органның қызметкерлеріне; мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлеріне (өздеріне бекітіліп берілген функцияларды жүзеге асыру үшін ішкі істер органдары, кеден органдары, шекара қызметі және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар);
Тармақша 2
2) ведомствоның дерекқорға қолжетімділік беру туралы хаты негізінде: ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне; Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес құрылған ветеринария саласындағы мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың мамандарына;
Тармақша 3
3) ведомствомен келісу бойынша: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің қызметкерлеріне; Заңның 11-бабының 4-тармағына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандарына (бұдан әрі – ветеринария саласындағы маман); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларының (бұдан әрі – Бірдейлендіру қағидалары) 27-тармағына сәйкес ауыл шаруашылығы құралымдарында, шаруа, фермер қожалықтарында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру рәсімін және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9639 болып тіркелген) бекітілген Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидалары) 15-тармағына сәйкес қан сынамаларын алуды жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы құралымдарының, шаруа, фермер қожалықтарының ветеринариялық дәрігерлеріне (бұдан әрі – шаруашылықтың ветеринариялық дәрігері) береді.
Тарау 2. 2-тарау. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібі
2-тарау. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібі
Тармақ 6
6. Дерекқор электрондық түрде жүргізіледі. Дерекқорды жүргізу дерекқорға рұқсатсыз кіруді болдырмауды қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Дерекқорда жұмыс істеу кезінде:
Тармақша 1
1) бір дербес бірегей логинді бірнеше пайдаланушының пайдалануына;
Тармақша 2
2) пайдаланушының өзінің жеке ЭЦҚ-сын, бірегей логинін және құпиясөзін үшінші адамға беруіне;
Тармақша 3
3) дерекқорға заңсыз қолжетімділікке байланысты іс-қимылдар жасауға, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікке қатер төндіретін іс-қимылдар жасауға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзуға;
Тармақша 5
5) мемлекеттік техникалық қызметтің бағдарламалық (бағдарламалық-техникалық) құралдарының жұмысына кедергі жасау немесе бұғаттау, сол сияқты мемлекеттік техникалық қызмет қызметкерлерінің мемлекеттік техникалық қызметпен өзара іс-қимыл жасайтын ақпараттандыру объектілерімен жұмысына кедергі жасау түрінде жасалған дерекқорды қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптарды бұзуға;
Тармақша 6
6) азаматтардың дербес деректерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қол жеткізуге шектеу қойылған мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды олардың меншік иесінің немесе иеленушісінің заңсыз таратуына;
Тармақша 7
7) бастапқы кодты (бастапқы мәтінді) қалпына келтіруге, зерделеуге, көшіруге бағытталған заңсыз әрекеттерді жүзеге асыруға;
Тармақша 8
8) дерекқордан ақпаратқа рұқсаты жоқ пайдаланушыларға осы ақпаратты беруге жол берілмейді. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету үшін дерекқорға қолжетімділікті ұсынудың қолданылу мерзімі бір күнтізбелік жылмен шектелген. Бұл шектеулер есепке алу жазбасын жасау кезінде белгіленеді. Дерекқорда 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам уақыт қызметін жүзеге асырмаған пайдаланушының есепке алу жазбасын дерекқор автоматты түрде бұғаттайды.
Тармақ 8
8. Дерекқорды жүргізу мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген мәліметтерді дерекқорға енгізу;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 21, 22, 23 және 24-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді дерекқорда өзектендіру (түзету);
Тармақша 3
3) дерекқордағы мәліметтерді талдау және өңдеу.
Тармақ 9
9. Дерекқор ашық және жабық бөліктерден тұрады. Дерекқордың ашық бөлігінде (ЭЦҚ, логин мен құпиясөз талап етілмейді) мынадай ақпарат қолжетімді болады:
Тармақша 1
1) республика, облыс, қала, аудан және ауылдық округ бойынша есепке алынған ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерінің статистикасы;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі бар ауыл шаруашылығы жануары туралы ақпарат;
Тармақша 3
3) пайдалы ақпарат (нормативтік құқықтық актілер, анықтамалық материалдар);
Тармақша 4
4) оператордың колл-орталығының байланыс ақпараты. Дерекқордың ашық бөлігінің ақпараты барлық жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді болады. Жабық бөлік авторландырылуды қажет етеді (ЭЦҚ, логин және құпиясөз болуы қажет) және осы Қағидалардың 21, 22, 23 және 24-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді енгізуге, өзектілендіруге, түзетуге, талдауға және өңдеуге арналған.
Тармақ 10
10. Шаруашылықтардың ветеринариялық дәрігерлері үшін дерекқорда мынадай функциялар қолжетімді болады:
Тармақша 1
1) дерекқорға осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген, ауыл шаруашылығы жануарларына қызмет көрсететін ауыл шаруашылығы құралымындағы, шаруа, фермер қожалығындағы ауыл шаруашылығы жануарлары жөніндегі мәліметтерді енгізу;
Тармақша 2
2) дерекқорда осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген, ауыл шаруашылығы жануарларына қызмет көрсететін ауыл шаруашылығы құралымындағы, шаруа, фермер қожалығындағы ауыл шаруашылығы жануарлары жөніндегі мәліметтерді өзектілендіру;
Тармақша 3
3) дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарларына қызмет көрсететін ауыл шаруашылығы құралымындағы, шаруа, фермер қожалығындағы ауыл шаруашылығы жануарлары жөніндегі мәліметтерді талдау және өңдеу. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді шаруашылықтардың ветеринариялық дәрігерлері дерекқорға енгізгеннен кейін олар дерекқорда алдын ала тіркеуге арналған хабарлама түрінде қалыптасады. Алдын ала тіркеуге арналған хабарлама дерекқорға енгізілген мәліметтерді растау үшін ветеринария саласындағы маманға жіберіледі. Ветеринария саласындағы мамандар растайтын дерекқорға (-да) мәліметтер енгізуді және оларды өзектілендіруді шаруашылықтың авторландырылған ветеринариялық дәрігері жүзеге асырады. Шаруашылықтардың ветеринариялық дәрігерлері дерекқорға енгізілген, өзектілендірілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. Ветеринария саласындағы мамандар үшін дерекқорда мынадай функциялар қолжетімді болады:
Тармақша 1
1) дерекқорға осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген, ауыл шаруашылығы жануарларына қызмет көрсететін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердегі ауыл шаруашылығы жануарлары жөніндегі мәліметтерді енгізу;
Тармақша 2
2) дерекқорда осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген, ауыл шаруашылығы жануарларына қызмет көрсететін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердегі ауыл шаруашылығы жануарлары жөніндегі мәліметтерді өзектілендіру;
Тармақша 3
3) дерекқорда осы Қағидалардың 22, 23 және 24-тармақтарында көрсетілген, ауыл шаруашылығы жануарларына қызмет көрсететін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердегі ауыл шаруашылығы жануарлары жөніндегі мәліметтерді өзектендіру (түзету);
Тармақша 4
4) дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарларына қызмет көрсететін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердегі ауыл шаруашылығы жануарлары жөніндегі мәліметтерді талдау және өңдеу;
Тармақша 5
5) дерекқорда шаруашылықтардың ветеринариялық дәрігерлерінің осы Қағидалардың 10-тармағының бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген дерекқорда мәліметтерді алдын ала тіркеуге арналған хабарламаларын растау не растаудан бас тарту. Дерекқорға мәліметтерді енгізуді, өзектілендіруді және түзетуді ветеринария саласындағы авторландырылған маман жүзеге асырады. Ветеринария саласындағы мамандар дерекқорға енгізілген, өзектілендірілген, түзетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 12
12. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің қызметкерлері үшін дерекқорда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердегі ауыл шаруашылығы жануарлары жөніндегі мәліметтерді талдау және өңдеу функциясы қолжетімді болады.
Тармақ 13
13. Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандары үшін дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарлары жөніндегі мәліметтерді талдау және өңдеу функциясы қолжетімді болады.
Тармақ 14
14. Ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін дерекқорда мынадай функциялар қолжетімді болады:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы жануарлары жөніндегі мәліметтерді талдау және өңдеу;
Тармақша 2
2) шаруашылықтардың ветеринариялық дәрігерлерінің, ветеринария саласындағы мамандардың дерекқорға мәліметтерді уақтылы және дұрыс енгізуін бақылау;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы жануарларына жеке нөмірлердің берілуін және иелерінің пайдалануын, ауыл шаруашылығы жануарларының орын ауыстыруын, дерекқор мәліметтерінің толықтығы мен дұрыстығын бақылау;
Тармақша 4
4) деректерді жинақтауды, талдауды, сақтауды қоса алғанда, дерекқордың мәліметтерін өз жұмысында пайдалану.
Тармақ 15
15. Уәкілетті органның қызметкерлері үшін дерекқорда мынадай функциялар қолжетімді болады:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы жануарлары жөніндегі мәліметтерді талдау және өңдеу;
Тармақша 2
2) деректерді жинақтауды, талдауды, сақтауды қоса алғанда, дерекқордың мәліметтерін өз жұмысында пайдалану.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың (ішкі істер органдары, кеден органдары, шекара қызметі және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар – өздеріне бекітіліп берілген функцияларды жүзеге асырулары үшін) қызметкерлері үшін дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарларының иелері туралы мәліметтерді ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлері бойынша салыстырып тексеру функциясы қолжетімді болады.
Тармақ 17
17. Дерекқордағы құпия ақпаратқа қол жеткізу Ақпараттандыру туралы заңға сәйкес реттеледі.
Тармақ 18
18. Мәліметтерді басқа ақпараттық жүйелерден дерекқорға беру немесе керісінше жасау Ақпараттандыру туралы заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Оператор дерекқорды ауыл шаруашылығы жануарларын олардың ауыртпалығы (кепілі) туралы тіркеуді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды жүргізеді.
Тармақ 20
20. Дерекқор тәулік бойғы режимде қолжетімді болады. Оператор 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында және дерекқорда дерекқордың жұмысында жоспарланған техникалық үзілістер туралы ақпарат орналастыра отырып, бұлар туралы пайдаланушыларды хабардар етеді. Дерекқорда берілген күнге, есепті кезеңге мынадай ақпарат жүктеп алынады (қалыптастырылады):
Тармақша 1
1) тіркелген және есептен шығарылған ауыл шаруашылығы жануарлары (ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері бойынша) туралы;
Тармақша 2
2) жүргізілген ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар (қысқаша, толық) туралы;
Тармақша 3
3) диагностикалық зерттеулер (қысқа, толық) туралы;
Тармақша 4
4) ауыл шаруашылығы жануарларының ауыстырылған жеке нөмірлері туралы;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы жануарларының тұқымдары бойынша;
Тармақша 6
6) ауыл шаруашылығы жануарларының жыныс-жас топтары бойынша;
Тармақша 7
7) ауыл шаруашылығы жануарларына берілген жеке нөмірлер туралы;
Тармақша 8
8) ауыл шаруашылығы жануарын карантинге қою бойынша;
Тармақша 9
9) дерекқордағы мәліметтерге жүргізілген түзетулер мен өзектендірулер туралы.
Тармақ 21
21. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы жануарларын иеленуші туралы мәліметтерді енгізу: заңды тұлғалар үшін: өндіріс объектісінің атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, есепке алу нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН); жеке тұлғалар үшін: аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды мекенжайы, өндіріс объектісінің есепке алу нөмірі (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН);
Тармақша 2
2) бірдейлендірілген ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мынадай мәліметтерді енгізу (өзектілендіру): ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі; тұқымы (бар болса); жынысы; түрі; ауыл шаруашылығы жануарын піштіру туралы мәліметтер; лақап аты (бар болса); туу туралы мәліметтер (жасы, туған күні) (ауыл шаруашылығы жануарының туу туралы мәліметтері дерекқорға енгізілген сәттен бастап ауыл шаруашылығы жануарының жасын автоматты түрде есептеу жүзеге асырылады); ауыл шаруашылығы жануарының шығу тегі туралы мәліметтер (сатып алу, туу, импорт, сыйға тарту, пайдалану құқығын беру, иелену және ауыл шаруашылығы жануарының шығу тегінің басқа да жағдайлары); ауыл шаруашылығы жануарының есепке қойылған күні; ауыл шаруашылығы жануарының қырылуы (өлім-жітімі) туралы деректер: қырылу (өлу) фактісі, қырылу (өлу) себептері белгіленген күн; союға жіберілген күні, сою күні, сою себептері (тек санитариялық және мәжбүрлі сою кезінде) көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарын сою (жеке тұтыну үшін өткізу, санитариялық сою, мәжбүрлі сою) туралы деректер, заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғалар үшін – аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, ЖСН-сы), ауыл шаруашылығы жануары сойылған (өлтірілген) өндіріс объектісінің БСН-сын, есепке алу нөмірі мен мекенжайы; ауыл шаруашылығы жануарын алып қою және жою туралы деректер: алып қою және жою себебі, күні, заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғалар үшін – аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, ЖСН-сы), ауыл шаруашылығы жануары алып қойылған және жойылған өндіріс объектісінің БСН-сы, есепке алу нөмірі мен мекенжайы; ауыл шаруашылығы жануарын өткізу туралы деректер: өткізуге жіберілген күні, өткізілген күні, заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғалар үшін – аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, ЖСН-сы), ауыл шаруашылығы жануары өткізілген өндіріс объектісінің БСН-сы, есепке алу нөмірі мен мекенжайы, елді мекеннің атауы. Егер ауыл шаруашылығы жануары өткізуге жіберілсе, онда дерекқорда «өткізуге» деп көрсетіледі және ауыл шаруашылығы жануары өткізілген жағдайда, дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарын жаңа иеленушілер туралы мәліметтер көрсетіле отырып, «өткізілді» деп көрсетіледі. Егер ауыл шаруашылығы жануары өткізілмесе, онда дерекқорда «өткізу» мәртебесі себептерін көрсете отырып, «қайта есепке қою» мәртебесіне өзгереді; ауыл шаруашылығы жануарының жоғалғаны туралы деректер: жоғалған күні, заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғалар үшін – аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, ЖСН-сы), өндіріс объектісінің есепке алу нөмірі мен мекенжайы, БСН-сы; ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірінің жоғалғаны туралы деректер: жоғалған күні, жоғалу себептері. Ауыл шаруашылығы жануарының жаңа жеке нөмірі ауыл шаруашылығы жануарының бұрынғы жеке нөміріне байланыстырылады; ауыл шаруашылығы жануарларының мүліктік тиесілілігі (ауыл шаруашылығы жануарларын иеленушілерді анықтаудың мүмкін еместігі – қараусыз қалған ауыл шаруашылығы жануарлары) анықталмаған ауыл шаруашылығы жануарларын уақытша тіркеу туралы деректер. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының мүліктік тиесілілігі айқындалғанға дейін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына уақытша тіркеу жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы жануарларының орнын ауыстыру туралы мәліметтерді енгізу (өзектілендіру): орын ауыстыру күні мен себебі; ауыл шаруашылығы жануары кеткен және (немесе) оған жіберілген және келген иеленуші туралы деректер, әкімшілік-аумақтық бірлік: заңды тұлғалар үшін: атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, заңды мекенжайы, есепке алу нөмірі, БСН-сы; жеке тұлғалар үшін: аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды мекенжайы, есепке алу нөмірі (бар болса), ЖСН-сы; ауыл шаруашылығы жануарлары импортталған немесе экспортталған жағдайда – импорт немесе экспорт елінің (әкімшілік аумақтың) атауы, ауыл шаруашылығы жануарларын карантиндеуді жүргізу туралы мәліметтер (карантиндеудің басталған және аяқталған күні, карантиндеуді жүргізу орны (заңды тұлғалар үшін: атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, есепке алу нөмірі, БСН-сы; жеке тұлғалар үшін: аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды мекенжайы, есепке алу нөмірі (бар болса), ЖСН-сы); ауыл шаруашылығы жануарлары саулығының жай-күйі, ветеринариялық-профилактикалық, емдік іс-шаралар мен диагностикалық зерттеулер және оларды жүргізу күнін, карантиндеу нәтижелерін көрсетуді қоса алғанда, олардың нәтижелері туралы мәліметтер). Импортталған ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтер карантиндеуден өткеннен кейін дерекқорда шығу елінде бірдейлендірілген ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі сақтала отырып тіркеледі. Ауыл шаруашылығы жануарларын бір әкімшілік-аумақтық бірліктен басқа әкімшілік-аумақтық бірлікке ауыстыру кезінде ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау туралы мәліметтер ауыл шаруашылығы жануарларының келген жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің дерекқорында көрсетіледі;
Тармақша 4
4) ауыл шаруашылығы жануарлары саулығының жай-күйі, ауыл шаруашылығы жануарларына карантиндеу, жүргізілген күнін көрсетуді қоса алғанда, ветеринариялық-профилактикалық, емдік іс-шаралар мен диагностикалық зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелері туралы мәліметтерді енгізуді (өзектілендіру);
Тармақша 5
5) дерекқорда осы тармақта, сондай-ақ осы Қағидалардың 22, 23 және 24-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді өзектендіру (түзету).
Тармақ 22
22. Ауыл шаруашылығы жануарларын иеленушілері туралы мәліметтерді, сондай-ақ бірдейлендірілген ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді дерекқорда өзектілендіру:
Тармақша 1
1) жеке тұлғаның-ауыл шаруашылығы жануары иесінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі өзгерген;
Тармақша 2
2) дара кәсіпкер-ауыл шаруашылығы жануарын иеленуші қайта тіркелген, оның атауы, заңды мекенжайы, өндіріс объектісінің есепке алу нөмірі өзгерген;
Тармақша 3
3) заңды тұлға-ауыл шаруашылығы жануарын иеленуші басқа заңды тұлғаға біріктіру, өзгерту, қосу, бөліп шығару нысандарында қайта ұйымдастырылған;
Тармақша 4
4) заңды тұлға-ауыл шаруашылығы жануарын иеленушінің өндіріс объектісінің орналасқан жерінің мекенжайы, есепке алу нөмірі өзгерген;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы жануарларына меншік құқығы немесе өзге де заттық құқық туындаған, өзгерген, тоқтатылған жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелері туралы мынадай мәліметтер дерекқорда түзетілуі тиіс:
Тармақша 1
1) атындағы, әкесінің атындағы (бар болса), тегіндегі /заңды тұлғаның атауындағы әріптерді өзгерту, олқылықтарды жою;
Тармақша 2
2) ЖСН, БСН-дағы бос орындарды жою.
Тармақ 24
24. Дерекқорда мынадай ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтер түзетуге жатады:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі;
Тармақша 2
2) түрі;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы жануарының піштірілгені туралы мәліметтер.
Тармақ 25
25. Ветеринариялық іс-шараларды (профилактикалық вакциналау, аллергиялық, диагностикалық зерттеулер, жануарларды бірдейлендіру) қоспағанда, осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген мәліметтерді дерекқорға енгізу оқиға орын алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей, оның ішінде берілген ветеринариялық құжаттар (ветеринариялық анықтама, ветеринариялық сертификат) және (немесе) Заңның 25-бабының 6) тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары бойынша және (немесе) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жүргізіледі. Ветеринариялық іс-шаралар (профилактикалық вакциналау, аллергиялық, диагностикалық зерттеулер, жануарларды бірдейлендіру) бойынша мәліметтерді дерекқорға енгізу олар жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Дерекқорға аллергиялық зерттеулердің нәтижелері туралы мәліметтерді енгізу аллергиялық зерттеулер оқылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Дерекқорға диагностикалық зерттеулердің нәтижелері туралы мәліметтерді енгізу диагностикалық зерттеулердің нәтижелері алынған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Дерекқорға ветеринариялық іс-шаралар (профилактикалық вакциналау, аллергиялық зерттеулер, диагностикалық зерттеулер, жануарларды бірдейлендіру) бойынша енгізілген мәліметтерді дерекқорға мәліметтер енгізілген күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде түзетуге (редакциялауға) жол беріледі.
Тармақ 26
26. Ветеринария саласындағы мамандар Бірдейлендіру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы ведомостің, Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларына 1 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Бірдейлендіру, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы актінің және қан сынамаларын алу актісінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10410 болып тіркелген) бекітілген Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық зертхана берген сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) негізінде осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген ветеринариялық іс-шаралар жөніндегі мәліметтердің дерекқорға енгізілуін жүзеге асырады.
Тармақ 27
27. Барлық мәліметтерді енгізу, түзету, өзектендіру тарихы дерекқорда сақталады.
Тармақ 28
28. Ауыл шаруашылығы жануарын иеленушінің өтініші бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ветеринария саласындағы маман осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме береді, ол бір данада басып шығарылады. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді-көшірмені және ондағы мәліметтерді дерекқорда ветеринария саласындағы маман электрондық түрде қалыптастырады және ветеринария саласындағы маманның ЭЦҚ-мен куәландырылады, дерекқордан басып шығарылады және ауыл шаруашылығы жануарын иеленушіге беріледі.
Тарау 3. 3-тарау. «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
3-тарау. «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Тармақ 29
29. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.
Тармақ 30
30. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүргізуге өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жібереді. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алады. Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы Ақпараттандыру туралы заңның 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 31
31. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысы айқындаған ветеринария саласындағы маман Тізбенің 8-тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады. Өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанын растау оның көшірмесінде күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 32
32. Өтініш осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерге өзектендіруді (түзетуді) жүргізуге өтініштерді тіркеудің электрондық журналында тіркеледі.
Тармақ 33
33. Ветеринария саласындағы жауапты маман құжаттар тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарларын иеленуші туралы, өзектендіруге (түзетуге) мәлімделген ауыл шаруашылығы жануарлары туралы қолда бар мәліметтерді тексереді және олардың ұсынылған құжаттарға сәйкестігін айқындайды;
Тармақша 2
2) дерекқордағы мәліметтерді өзектендіру (түзету) үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды зерделейді;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 24-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді түзету бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік ведомствосының аумақтық бөлімшесі өкілдерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді барып салыстыруды жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді барып салыстыру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дерекқордағы ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) актісі жасалады. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ветеринария саласындағы жауапты маман осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүзеге асырады және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүргізу туралы үзінді-көшірмені рәсімдейді. Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүргізу туралы үзінді-көшірме дерекқорда электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі не дерекқордан басып шығарылады және көрсетілетін қызметті алушыға қағаз жеткізгіште беріледі. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде ветеринария саласындағы жауапты маман осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі. Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) туралы не осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды. Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады, порталдағы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі не қолма-қол беріледі.
Тармақ 34
34. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 35
35. Дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) бойынша факті сот тәртібімен анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші сот шешімі негізінде дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүзеге асырады. Сот шешімі негізінде ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруге (түзетуге) арналған дерекқор функционалына қолжетімділікті Ақпараттандыру туралы Заңға сәйкес ведомство ұсынады.
Тармақ 36
36. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Уәкілетті орган мен көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 37
37. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, ветеринария саласындағы уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Шағым ҚР ӘРПК-нің 91-бабы 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
Тармақ 38
38. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес: көрсетілген қызметті беруші, жергілікті атқарушы орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Тармақ 39
39. Жергілікті атқарушы органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
Тармақша 1
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
Тармақша 2
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз тасығышта берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Тармақ 40
40. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК-нің 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Басқа 1. Өтініш*
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларына 1-қосымша Нысан _____________________________________________________________________________________________ (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның атауы) _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ (ауыл шаруашылығы жануарын иеленушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлғаның атауы,бизнес сәйкестендіру нөмірі Өтініш* Сізден ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан жануардың жеке нөмірін көрсете отырып, мына жануарларға үзінді көшірме беруіңізді сұраймын: ________________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________ (жануарды иеленушінің қолы) ___________________________________________ (толтырылған күні) Ескертпе: * өтініш жануарды иеленушінің өз қолымен толтырылады
Басқа 2. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме/ Выписка из базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларына 2-қосымша Нысан/Форма Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме/ Выписка из базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных ________ күнге /на дату______ Об­лы­стың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның ата­уы/На­име­но­ва­ние об­ла­сти, го­ро­да рес­пуб­ли­кан­ско­го зна­че­ния, сто­ли­цы Аудан­ның (об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның) ата­уы/На­име­но­ва­ние рай­о­на (го­ро­да об­ласт­но­го зна­че­ния) Аудан­дық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, кент­тің, ауыл­дың, ауыл­дық округ­тің ата­уы/На­име­но­ва­ние го­ро­да рай­он­но­го зна­че­ния, по­сел­ка, се­ла, сель­ско­го окру­га Жа­ну­ар­ды ие­ле­ну­ші­нің аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі неме­се ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ти­е­сі­лі заң­ды тұл­ға­ның ата­уы/фа­ми­лия, имя, от­че­ство (при на­ли­чии) вла­дель­ца или на­име­но­ва­ние юри­ди­че­ско­го ли­ца, ко­то­ро­му при­над­ле­жат сель­ско­хо­зяй­ствен­ные жи­вот­ные: Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/ин­ди­ви­ду­аль­ный иден­ти­фи­ка­ци­он­ный но­мер/биз­нес-иден­ти­фи­ка­ци­он­ный но­мер) № Жа­ну­ар­лар­дың же­ке нө­мі­рі/ин­ди­ви­ду­аль­ный но­мер жи­вот­ных Мә­лі­мет­тер­дің ата­у­ла­ры/На­име­но­ва­ние све­де­ний Мә­лі­мет­тер /Све­де­ния Ди­а­гно­сти­ка­лық іс-ша­ра­лар/ Ди­а­гно­сти­че­ские ме­ро­при­я­тия Вак­ци­на­лау/ Вак­ци­на­ция Зерт­теу тү­рі/Вид ис­сле­до­ва­ния Зерт­теу кү­ні/Да­та ис­сле­до­ва­ния Ау­ру­дың ата­уы/На­име­но­ва­ние бо­лез­ни Зерт­теу нәти­же­сі/Ре­зуль­та­та ис­сле­до­ва­ния Им­мун­деу кү­ні/Да­та им­му­ни­за­ции Ау­ру­дың ата­уы/На­име­но­ва­ние бо­лез­ни Жа­ну­ар­дың тү­рі/Вид жи­вот­но­го Туы­л­ған кү­ні/Да­та рож­де­ния Жа­ну­ар­дың жы­ны­сы/ Пол жи­вот­но­го Тұқы­мы/ По­ро­да Егер асыл тұқым­ды жа­ну­ар бол­са/Ес­ли пле­мен­ное жи­вот­ное Ата-ене­сі ту­ра­лы де­ректер/ Дан­ные о ро­ди­те­лях Есеп­ке қою кү­ні және се­бе­бі/Да­та и при­чи­на по­ста­нов­ки на учет Есеп­тен шы­ға­ру кү­ні және се­бе­бі/Да­та и при­чи­на сня­тия с уче­та Им­порт­тал­ған/ Им­пор­ти­ро­ва­но Ке­піл­де тұр/ На­хо­дит­ся в за­ло­ге Бір­дей­лен­ді­ру әді­сі/ Ме­тод иден­ти­фи­ка­ции Берiлген күнi 20 __ жылғы __ _______/Дата выдачи __ _____ 20 _ года Электрондық құжаттың түпнұсқалығын Сіз www.egov.kz сайтында, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз. Проверить подлинность электронного документа Вы можете на www.egov.kz, а также посредством мобильного приложения веб-портала «электронного правительства». Бұл құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.
Басқа 3. «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларына 3-қосымша «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Об­лы­стар­дың, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры құр­ған мем­ле­кет­тік ве­те­ри­на­ри­я­лық ұй­ым­дар (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші). 2. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші; 2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 3. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі Құ­жат­тар тір­кел­ген күн­нен ба­стап 10 (он) жұ­мыс кү­ні ішін­де. 4. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/ қа­ғаз тү­рін­де. 5. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді өзек­тен­ді­ру (тү­зе­ту) жүр­гі­зу ту­ра­лы үзін­ді-кө­шір­ме бе­ре оты­рып, ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бір­дей­лен­ді­ру де­рекқо­рын­да ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді өзек­тен­ді­ру (тү­зе­ту) не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден уәжді бас тар­ту. 6. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Те­гін 7. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін; 2) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру одан кей­ін­гі жа­қын жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). 8. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2010 жы­л­ғы 2 мау­сым­да­ғы № 367 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 6321 тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бір­дей­лен­ді­ру жө­нін­де­гі де­ректер ба­за­сын қа­лып­та­сты­ру, жүр­гі­зу және одан үзін­ді-кө­шір­ме­лер бе­ру қа­ғи­да­ла­ры­ның (бұ­дан әрі – Қа­ғи­да­лар) 22-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген бір­дей­лен­ді­рі­л­ген ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді өзек­тен­ді­ру үшін: 1) Қа­ғи­да­лар­ға 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді өзек­тен­ді­ру­ді (тү­зе­ту­ді) жүр­гізу­ге ар­нал­ған өті­ніш; 2) де­рекқор­да ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын ие­ле­ну­ші ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді, сон­дай-ақ сәй­кестен­ді­рі­л­ген ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді өзек­тен­ді­ру үшін негіз болған өзге­рі­стер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі; 3) ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры­на мен­шік құқы­ғын неме­се өзге де заттық құқық­ты рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі, олар­ға мы­на­лар жа­та­ды: аза­мат­тық заң­на­ма та­лап­та­ры­на сәй­кес жа­сал­ған шар­ттар, мәмі­ле­лер, тап­сы­ру ак­ті­ле­рі, бө­лу ба­лан­ста­ры, мү­лік­ке мұ­ра­гер­лік құқы­ғы ту­ра­лы құ­жат­тар, сот ше­ші­мі­нің, қа­улы­сы­ның, сот орын­да­у­шы­сы­ның әре­кет­те­рі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­сы­ның кө­шір­ме­ле­рі қо­са бе­рі­л­ген ат­қа­ру па­ра­ғы орын­дау. Қа­ғи­да­лар­дың 23-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер ба­за­сын­да тү­зе­ту үшін: 1) Қа­ғи­да­лар­ға 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша де­рекқор­да ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді өзек­тен­ді­ру­ді (тү­зе­ту­ді) жүр­гізу­ге ар­нал­ған өті­ніш; 2) ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт­тың кө­шір­ме­сі. Де­рекқор­да Қа­ғи­да­лар­дың 24-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер­ді тү­зе­ту үшін: Қа­ғи­да­лар­ға 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша де­рекқор­да ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді өзек­тен­ді­ру­ді (тү­зе­ту­ді) жүр­гізу­ге өті­ніш. Же­ке тұл­ға­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер­ді тір­кеу ту­ра­лы не да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де қыз­ме­ті­нің ба­стал­ға­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден алы­нуы мүм­кін құ­жат­тар­ды та­лап ету­ге жол бе­ріл­мей­ді. Де­рекқор­да мә­лі­мет­тер­ді өзек­тен­ді­ру (тү­зе­ту) қа­жет­ті­лі­гі сот тәр­ті­бі­мен анық­тал­ған кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мә­лі­мет­тер­ді сот ше­ші­мі негі­зін­де өзек­тен­ді­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­ды. 9. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі; 3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы. 10. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің орын­да­лу са­ты­сы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­ме­ті­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ора­на­ла­сты­ры­л­ған. Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.
Басқа 4. Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүргізуге арналған өтініш
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларына 4-қосымша Нысан Кімге_______________________ ____________________________ ____________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның атауы) кімнен________________________ ______________________________ ______________________________ ______________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі) Өңір___________________________ _______________________________ (әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы (облыс, қала, аудан, ауылдық округ, елді мекен)) Мекенжайы____________________ ______________________________ ______________________________ ______________________________ Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүргізуге арналған өтініш Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордағы ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мынадай мәліметтерді өзектендіру (түзету) жүргізілетін: ________________________________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6321 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес дерекқордағы мәліметтерді өзектендірудің (түзетуді) атауын көрсету) ________________________________________________________________________________________ дерекқорға енгізілген (бар) мәліметтерге түзету жүргізуді/дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарын қалпына келтіруді сұраймын. № Өзек­тен­ді­ру (тү­зе­ту) жүр­гізу­ге ар­нал­ған өті­ніш бер­ген сәт­те де­рекқор­ға (е) ен­гі­зі­л­ген (қол­да бар) мә­лі­мет­тер Ұсы­ны­лып отыр­ған де­рекқор­ға ен­гі­зі­л­ген (бар) мә­лі­мет­тер­ді тү­зе­ту­лер/қал­пы­на кел­ті­ру және қай­та есеп­ке алу Де­рекқор­да ен­гі­зі­л­ген (қол­да бар) мә­лі­мет­тер­ді өзек­тен­ді­ру (тү­зе­ту) се­бе­бі 1 2 3 4 5 Ауыл шаруашылығы жануары иеленушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер _________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы құжат туралы мәліметтер не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама_ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Байланыс телефондары ______________________________________________________ Электрондық мекенжайы (бар болса) __________________________________________ Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін. __________________________________________________________________________ (ауыл шаруашылығы жануарын иеленушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы) Күні: 20_____ жылғы «____» ______________
Басқа 5. Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерге өзектендіруді (түзетуді) жүргізуге өтініштерді тіркеудің электрондық журналы
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларына 5-қосымша Нысан/Форма Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерге өзектендіруді (түзетуді) жүргізуге өтініштерді тіркеудің электрондық журналы Р/с№ Өті­ніш­тің ке­ліп түс­кен және тір­кел­ген кү­ні Же­ке тұл­ға­ның аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі, же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/ заң­ды тұл­ға­ның ата­уы, биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лік­тің ата­уы (об­лыс, қа­ла, аудан, ауыл­дық округ, ел­ді ме­кен) Де­рекқор­да ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді өзек­тен­ді­ру (тү­зе­ту) ата­уы Де­рекқор­да ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді өзек­тен­ді­ру (тү­зе­ту) се­беп­те­рі Де­рекқор­да ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді өзек­тен­ді­ру (тү­зе­ту) үшін ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын ие­ле­ну­ші­нің өті­ні­ші бой­ын­ша қа­был­дан­ған ше­шім Об­лы­стың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­га­ны құр­ған ве­те­ри­на­ри­я­лық ұй­ым неме­се рес­пуб­ли­ка­лық па­ла­та ма­ма­ны­ның аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі Ес­кер­ту
Басқа 6. Дерекқордағы ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) актісі
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларына 6-қосымша Нысан Дерекқордағы ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) актісі ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (дерекқордағы ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзету) жүргізуді көрсету) Мынадай құрамдағы комиссия:__________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (комиссия мүшесінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, ұйымы, лауазымы) ауыл шаруашылығы жануарын иеленуші __________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі/заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы, телефоны) қатысуымен дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) жүргізуге арналған (қажеттісі көрсетіледі) осы актіні жасады _____________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6321 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларына сәйкес дерекқордағы мәліметтерді түзетудің (өзгертудің) атауын көрсету) есепке алудан қате шығарылған және ауыл шаруашылығы жануары қайта есепке алынған жағдайда, Дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді түзету (өзгерту)/ себебі (қажеттісін көрсету): ____________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Ұсынылған растаушы құжаттардың тізбесі:_______________________________ ___________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Комиссиялық тексеріп қарау нәтижелері: ________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Комиссия мүшелері: 1. ___________________________________________________ _____________ 2. ___________________________________________________ _____________ 3. ___________________________________________________ _____________ ( аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, (қолы) комиссия мүшесінің лауазымы) Ауыл шаруашылығы жануарын иеленуші _________________________________ _________________________________ ( аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы) Актінің жасалған күні мен уақыты: ____________________________________
Басқа 7. Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүргізу туралы үзінді-көшірме
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларына 7-қосымша Нысан Берді/Выдан ____________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құрған ветеринариялық ұйымның атауы, / наименование ветеринарной организации, созданной местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы) Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүргізу туралы үзінді-көшірме Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүргізілді: _______________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6321 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларына сәйкес дерекқордағы мәліметтерді түзетудің (өзгертудің) атауын көрсету) № Өт­кізу­ге өті­ніш бер­ген сәт­те де­рекқор­ға (да) ен­гі­зі­л­ген (қол­да бар) мә­лі­мет­тер өзек­тен­ді­ру (тү­зе­ту) Де­рекқор­ға (да) ен­гі­зі­л­ген (қол­да бар) мә­лі­мет­тер­ді өзек­тен­ді­ру (тү­зе­ту) жүр­гі­зі­л­ген ту­ра­лы мә­лі­мет­тер Де­рекқор­ға (да) ен­гі­зі­л­ген (қол­да бар) мә­лі­мет­тер­ді өзек­тен­ді­ру (тү­зе­ту) кү­ні (20__ жы­л­ғы «__» _____) 1 2 3 4 5 Берiлген күнi 20 __ жылғы __ _______/Дата выдачи __ _____ 20 _ года Электрондық құжаттың түпнұсқалығын Сіз egov.kz сайтында, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталының арқылы мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз. Проверить подлинность электронного документа Вы можете на egov.kz, а также посредством мобильного приложения веб-портала «электронного правительства». Бұл құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе
Басқа 8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларына 8-қосымша Нысан Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту ______________________________________________________________________________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның атауы) Сіздің ауыл шаруашылығы туралы дерекқордағы мәліметтерге өзектендіру (түзетулер) жүргізуге арналған өтінішіңізді (қажетін көрсету) қарап ______________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6321 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларына сәйкес дерекқордағы ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендірулердің (түзетудің) атауын көрсету) енгізуге арналған өтінішіңізді (керегін көрсету) қарап________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ (уәжді бас тарту себептері (негіздемесі) хабарлайды. ______________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ (қол қоюшының лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы) Күні: 20_____ жылғы «____» ______________