Таусамалы ауылдық округіндегі орналасқан жер теліміне Алатау ықшам ауданы атын және көшелерге жаңа атау беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Таусамалы ауылдық округіндегі орналасқан жер теліміне Алатау ықшам ауданы атын және көшелерге жаңа атау беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес округ әкімі
ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Таусамалы ауылдық округі тұрғындарының өтініштерін негізге ала отырып, округке қарасты орналасқан жер теліміне «Алатау» ықшам ауданы аты берілсін.
Тармақ 2
2. Таусамалы ауылдық округіндегі Алатау ықшам ауданындағы жаңа көшелерге Атамекен, Арман, Арасан, Алтай, Бірлік атаулары берілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзімде қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан он тізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.