О переименовании в селе Жаксы улицы Кирова на улицу имени Кенжеша Туктубаева Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жақсы селосындағы Киров көшесін Кенжеш Түктібаев атындағы көшеге өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына сәйкес, Жақсы селосының Киров көшесін тұрғындарының пікірін есепке ала отырып, ауыл әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жақсы селосындағы Киров көшесі Кенжеш Түктібаев атындағы көшесіне өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ «Жақсы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы З.С.Ташмухамбетова «Жақсы ауданының сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Д.Ю.Васильев