О предоставлении компании "Шелл Темир Петролеум Девелопмент Б. В." права временного пользования земельным участком для бурения разведочной скважины Сайгак Восточный на территории землепользования крестьянского хозяйства "Берды" в Темирском районе Күшін жойған
Басқа 0
Темір ауданының "Берді" шаруа қожалығы жерінің аумағындағы батыс Сайғак барлау скважинасын бұрғылау үшін жер учаскесін уақытша пайдалану құқын "Шелл Темір Петролеум Девелопмент Б. В." компаниясына беру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты.
«Жер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22
желтоқсандағы Заң күші бар № 2717 Жарлығының 51 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметмен 1996 жылдың 19 сәуірінде берілген МГ сериялы № 300 /мұнай/ жер қойнауы қазба байлықтарын пайдалану құқы лицензиясына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 299 қаулысымен бекітілген "Ауыл және орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсатта ауыл шаруашылығы жерлері мен орман алқаптарын пайдалану үшін алған жағдайда ауыл және орман шаруашылығы өндірісінің қайтаруға жататын шығындарын анықтау тәртібі туралы Ережеге" сәйкес облыс Әкімі ШЕШIМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Темір ауданының "Берді" шаруа қожалығы жерінің аумағындағы Батыс Сайғак барлау скважинасын бұрғылау үшін көлемі 4,0 гектар жайылымдық жер учаскесінің уақытша пайдалану құқы /2000 жылдың 16 қарашасына дейін/ "Шелл Темір Петролеум Девелопмент Б. В. " компаниясына берілсін.
Тармақ 2
2. "Шелл Темір Петролеум Девелопмент Б. В." компаниясы:
Тармақша 1
1) қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өндірісінің 40800 теңге көлеміндегі шығынын өтесін;
Тармақша 2
2) жұмыстарды аяқтағаннан кейін берілген жерлерді қайта өндесін және белгіленген тәртіп бойынша жердің пайдаланушысына қайтарсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындауын бақылау Темір ауданының әкімі А. Мырзалинге
жүктелсін.
Басқа 6
Облыс Әкімінің 1999 жылғы
8 желтоқсандағы № 210
шешіміне қосымша
Батыс Сайғак барлау скважинасын бұрғылау үшін "Шелл Темір Петролеум Девелопмент Б. В." компаниясының жерді уақытша пайдалануымен байланысты ауыл шаруашылығы өндірісі шығыңдарының ЕСЕБІ:
Ауыл шаруашылығын
жургізуге қажетті жердің түрі
Топырақ
түрі
Жер көлемі
гектар
Бір гектар
жердің құқы
теңге
Барлығы
сомасы
теңге
Бір жылға төленетін
соманың
5 % мөлшері
егістік
қызыл
қоңыр
4
204000
816000
40800