Об утверждении Технического регламента "Требования к безопасности углей и производственных процессов их добычи, переработки, хранения и транспортировки" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік процестерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 шілдедегі № 731 қаулысымен бекітілген «Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік процестерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
Тарау 1. 1. Қолданылу саласы
1. Қолданылу саласы
Тармақ 1
1. Осы «Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) көмірдің және оның қайта өңделген өнімдері мен үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Техникалық регламентте мыналар:
Тармақша 1
1) тас көмір, лигнит немесе қоңыр көмір (бұдан әрі - көмір), сұрыпталған және байытылған көмір, брикеттер мен агломерацияланған отынның ұқсас түрлері (бұдан әрі - олардың қайта өңделген өнімдері);
Тармақша 2
2) өнімді өндіру, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау және өткізу үдерістері техникалық реттеу объектілері болып табылады. Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) сәйкес көмірдің және оның қайта өңделген өнімдерінің тізбесі осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген.
Тармақ 3
3. Оларды болдырмау керек болатын негізгі қауіпті факторлар (қауіп-қатерлер) мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) есту органдарына, нерв жүйесіне, ықыласты аударуға теріс әсер ететін нормативтік мәндерден артық өндірістік шудың болуы;
Тармақша 2
2) өндірістік үй-жайларда (цехтарда) рұқсат етілген деңгейлерден және адамға әсер ету уақытынан артық жалпы және жергілікті дірілдің болуы;
Тармақша 3
3) көмірде адам ағзасына жағымсыз әсер етуі мүмкін шекті рұқсат етілген мәндерден артық радиоактивтік сәулелену көздерінің болуы;
Тармақша 4
4) жұмыс аймағы ауасының тозаңдануы және газдануы;
Тармақша 5
5) жарылыс-өрт қауіптілігі, оның ішінде көмір мен көмір тозаңының өздігінен жануы;
Тармақша 6
6) тау-кен қысымының пайда болуы, көмір мен газдың кенеттен шығарындысы;
Тармақша 7
7) су мен ұлпаның атқылауы;
Тармақша 8
8) ауа кеңістігінің, беттік және топырақ сулардың ластануы, жер бетінің ластануы мен шөгуі, аудандар мен өңірлердің батпақтануы, жасанды жоғарылатылған сейсмикалықтың болуы, жер құнарлығының нашарлауы.
Тармақ 4
4. Көмірді және оның қайта өңделген өнімдерін сәйкестендіру дайындаушының құжаттарын (жер қойнауын пайдалану құқығына келісімшарт, қызмет түріне лицензия, жоба, технологиялық регламент, өнімге арналған стандарттау бойынша нормативтік құжат, өндірісті көмір өндіру және қайта өңдеу бойынша дамыту жоспары, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат) тексеру және өнім үлгілерін сәйкестендіру көрсеткіштері, жіктелуі, кодталуы: технологиялық маркасы (тобы, кіші тобы), дәрежесі (санаты, кіші санаты), кесектер мөлшері, кодтық саны бойынша сынау жүргізу жолымен жүзеге асырылуға тиіс.
Тарау 2. 2. Терминдер мен анықтамалар
2. Терминдер мен анықтамалар
Тармақ 5
5. Осы Техникалық регламентте техникалық реттеу, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық, нормативтік құқықтық және өзге де актілерде белгіленген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аварияларды жою жоспары - ұйымның, қауіпті өндірістік объектінің және авариялық-құтқару құрылымының лауазымды тұлғаларын хабардар ету және олардың іс-қимыл тәртібін, адамдардың авариялық және қауіп төндіретін учаскелерден шығу жолдары мен уақытын, адамдарды құтқару және аварияны жою жөніндегі құралдардың болу орындарын анықтайтын, адамдарды құтқару және аварияны жою жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы;
Тармақша 2
2) агломерацияланған отын - жабысуды қамтамасыз ететін немесе онысыз, байланыстырғыш материал қосылған ұсақ бөлшектерді кесектеу үдерістерінде алынған отын;
Тармақша 3
3) байыту - минералдық шикізатты олардың алғашқы шикізаттағы құрамынан жоғары, шоғырланған пайдалы компоненттердің бөлінуі (ал қажет болғанда олардың өзара бөлінуі) мақсатында, оны өңдеудің әр түрлі технологиялық үдерістерінің жиынтығы;
Тармақша 4
4) байытылған көмір - ылғал немесе құрғақ көмірді байыту үдерісінде алынған көмір;
Тармақша 5
5) байытылмаған көмір - елеу немесе ұсату үдерістеріне түскен өндірілген көмір;
Тармақша 6
6) битуминозды көмір - 0,5 %-ға тең немесе одан астам, бірақ 2,0 %-дан кем витриниттің Rr шағылысу көрсеткіші бар орташа дәрежелі көмір;
Тармақша 7
7) брикеттеу - кейіннен қоспаны керекті мөлшерлі және пішінді брикеттерге нығыздап басу арқылы байланыстырушы заттарды қосып және қоспай кесектер (брикеттер) алу үдерісі;
Тармақша 8
8) газ режимі — метан немесе сутегі бөлінуі бойынша қауіпті көмір кәсіпорындарында енгізілетін тәртіп;
Тармақша 9
9) дәреже (кіші санат) - көмірдің халықаралық жіктеу жүйесі бойынша генетикалық және физика-химиялық қасиеттерінің негізінде оның жетілгендігін көрсететін генетикалық қатарда орналасуы;
Тармақша 10
10) еленді — қатардағы көмірден бөлінген және байытуға түспеген, ірілігі 12,5 кем (13,25) миллиметр (бұдан әрі - мм) көмір;
Тармақша 11
11) електі талдау - көмірдің түйіршік өлшемді құрамын сынаманы електерде елеу жолымен анықтау;
Тармақша 12
12) жану жылулығы - отын массасы бірлігінің толық жануы кезінде бөлінетін жылудың мөлшері;
Тармақша 13
13) жоба - объектіні салуды, монтаждауды және пайдалануды жүзеге асыру үшін қажетті техникалық құжаттар кешені;
Тармақша 14
14) жұмыс аймағы - қызмет көрсетілетін алаң еденінің деңгейінен 2 метр (бұдан әрі - м) биіктіктегі кеңістік;
Тармақша 15
15) кенеттен шығарынды - жыныстың, көмірдің лақтырысымен, күшейтілген газ бөлінуімен жалғасатын, кен қазбасы забойының жанындағы алап бөлігінің өздігінен лезде бұзылуы;
Тармақша 16
16) кодтық сан - халықаралық кодтау жүйесі бойынша жіктеме параметрлері мәндерінің негізіндегі көмірдің сандық белгісі;
Тармақша 17
17) көмір - елеулі дәрежеде органикалық тектес, олардың биохимиялық, физика-химиялық және физикалық өзгерістері нәтижесінде басым бөлігінде қурап қалған өсімдіктерден түзілген қатты жанғыш шөгінді жыныс;
Тармақша 18
18) көмір және жыныс тозаңы - көмірді өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау үдерісінде түзілетін, мөлшері 0,5 мм-ден кем қатты заттардың ұсақ бөлшектері;
Тармақша 19
19) көмірді өндіру - жер қойнауынан көмірді алу бойынша өндірістік үдерістер кешені;
Тармақша 20
20) көмірді қайта өңдеу - берілген тұтыну қасиеттерін қамтамасыз ету мақсатында өндірілген көмірді өңдеудің технологиялық үдерісі (аяқталған циклді құрайтын тізбекті технологиялық үдерістердің жиынтығы);
Тармақша 21
21) көмірді сұрыптау - көмірдің тауарлық сыныптарын алу үшін кесек мөлшерлері бойынша бөлу үдерісі;
Тармақша 22
22) күлдің химиялық құрамы - күлдің құрамында оксидтерге қайта есептегенде негізгі элементтердің болуы;
Тармақша 23
23) қатардағы көмір - елеу, ұсату, байыту үдерістеріне түспеген өндірілген көмір;
Тармақша 24
24) штабель - дұрыс пішінге келтірілген көмір (кесілген (кесілмеген) түрдегі конус, пирамида және тағы басқа);
Тармақша 25
25) қатты отын - қатты жанғыш шөгінді жыныс (көмір, жанғыш тақта тастар) және оларды қайта өңделу өнімдері (сұрыпталған және байытылған көмір, брикеттер және агломерацияланған отын, кокс, жартылай кокс);
Тармақша 26
26) қауіпті жүк — кез келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндірістік және өзге де қызметтің қалдықтары, олар өздеріне тән қасиеттеріне байланысты тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу және сақтау кезінде техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылу, өртену немесе бүліну, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлім-жітімі, жарақаттану және ауыру себебі болуы, қоршаған табиғи ортаға зиян әкелуі мүмкін;
Тармақша 27
27) қауіпті қалдықтар — құрамында қауіпті қасиеттерге (уыттылыққа, жарылыс қауіптілікке, радиоактивтілікке, өрт қауіптілікке, жоғары реакциялық қабілеттілікке) ие зиянды заттар болатын және өзі немесе басқа заттармен байланысқа түскенде қоршаған орта және адамның денсаулығы үшін тікелей немесе әлеуеті қауіптілікті білдіруі мүмкін болатын қалдықтар;
Тармақша 28
28) қауіпті қалдықтар паспорты - қалдықтардың шығу орны бойынша түзілу үдерістерін, олардың сандық және сапалық көрсеткіштерін, олармен жұмыс істеу ережелерін, оларды бақылау әдістерін, бұл қалдықтардың қоршаған ортаға, адамның денсаулығына және (немесе) тұлғалардың мүлкіне зиянды әсер ету түрлерін стандартталған түрде сипаттайтын құжат, қалдықтарды өндірушілер, олардың меншігіндегі өзге де тұлғалар туралы мәліметтер;
Тармақша 29
29) өзінен-өзі жану - сырттан келетін жылу ағынына қарамастан ауа оттегісімен тотығу реакцияларының үздіксіз дамуы нәтижесінде көмірдің тұтануы;
Тармақша 30
30) өзінен-өзі тұтану - жалындық жанумен және/немесе жарылыспен жалғасатын экзотермиялық көлемді реакциялар жылдамдығының күрт ұлғаюы;
Тармақша 31
31) өзінен-өзі тұтану температурасы — қоршаған ортаның ең темен температурасы, ол кезде арнайы сынау жағдайларында заттың өзінен-өзі тұтануы байқалады;
Тармақша 32
32) өнеркәсіптік өнім - күлдің пайыздық құрамы бойынша көмір мен бос жыныстың арасында аралық болып табылатын көмірді байыту өнімі;
Тармақша 33
33) өнім сапасының куәлігі (паспорты) — дайындаушы (өнім беруші) жөнелтілген өнім партиясының сапасы мен мөлшерін куәландыратын құжат;
Тармақша 34
34) өрт-жарылыс қауіпсіздігі - заттардың жанудың пайда болуына және таралуына қабілеттілігін сипаттайтын олардың қасиеттерінің жиынтығы. Жану салдары, оның жүру жылдамдығы мен жағдайына қарсы өрт немесе жарылыс болуы мүмкін;
Тармақша 35
35) паспорт (тау-кен ісінде) - кен қазбасының параметрлерін көрсете отырып, тау-кен жұмыстарын жүргізу және тау-кен жабдықтарын өзара байланысқан түрде орналастыру тәртібін анықтайтын құжат;
Тармақша 36
36) сақтау мерзімі - сақтау ережелері сақталған жағдайда көмір өнімінің генетикалық және технологиялық қасиеттері сақталатын уақыт кезеңі;
Тармақша 37
37) санитарлық-қорғау аймағы - оның шекарасынан тыс әсер ету факторлары белгіленген гигиеналық нормативтерден аспайтын аумақ;
Тармақша 38
38) стандарттау бойынша нормативтік құжат - стандарттау бойынша қызметтің әр түрлеріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, қағидаттарды белгілейтін құжат;
Тармақша 39
39) сұрыпталған көмір - белгілі ірілік сыныбының көмір өнімін алу мақсатында елеу үдерісіне түскен көмір;
Тармақша 40
40) табиғи радионуклидтердің үлестік белсенділігі - заттағы табиғи радионуклидтер белсенділігінің зат массасына қатынасы;
Тармақша 41
41) тау-кен бөлінісі - оның шекарасында жер қойнауын пайдаланушы барлауды, пайдалы қазбаларды өндіруді, жер асты құрылыстарын салу мен пайдалануды жүзеге асыруға құқылы болатын жер қойнауының учаскесі;
Тармақша 42
42) тау-кен қысымы - тау-кен қазбасын қоршаған алапта пайда болатын, тау-кен жұмыстарын жүргізумен байланысты кернеулер, күштер;
Тармақша 43
43) тау-кен соққысы - көмірдің (жыныстың) жер асты қазбаларына лақтырындысы түрінде көрінетін тау-кен қазбасына жанама тау жыныстары алабының шекті көрнеуленген бөлігінің жылдам болатын бұзылуы;
Тармақша 44
44) техникалық талдау - құрамында ылғал, күл, ұшпа заттар және байланысқан көміртегі болуы көрсеткіштерінде берілген көмірді талдау;
Тармақша 45
45) технологиялық марка (топ, кіші топ) - генетикалық белгілері және технологиялық сипаттамалары бойынша жақын көмір түрлерінің шартты белгісі;
Тармақша 46
46) технологиялық регламент - оңтайлы технологиялық режимді, технологиялық үдеріс операцияларын жүргізу тәртібін айқындайтын, өнімді талап етілетін сапамен шығарылуын, қауіпсіз пайдаланылу шарттарын, қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін құжат;
Тармақша 47
47) технологиялық схема - технологиялық операциялар және өндіру және қайта өңдеу өнімдерінің ағындары қозғалысының жалғаспалылығы;
Тармақша 48
48) тозаңды-газ режимі - газ және жарылғыш тозаң бойынша қауіпті көмір кәсіпорындарында енгізілетін тәртіп;
Тармақша 49
49) тотыққандық көрсеткіші - көмір затының химиялық өзгерістерін және ыдырауын сипаттайтын көрсеткіш;
Тармақша 50
50) тұтану - тұтандыру көзінен от алған және оны алып тастағаннан кейін де жалғасатын заттың жалындап жануы;
Тармақша 51
51) тұтану температурасы - көмір затының ең төмен температурасы, ол кезде арнайы сынау жағдайларында ыстық булар мен газдар оларды тұтату көзі әсер еткенде тұтану байқалатын жылдамдықпен бөлінеді;
Тармақша 52
52) түйіршік өлшемді құрам - көмір кесектерінің өлшемі бойынша сандық сипаттама;
Тармақша 53
53) шекті рұқсат берілген шоғырлану (бұдан әрі - ШРШ) — көлем бірлігіндегі зиянды химиялық заттың ең көп мөлшері, ол күнделікті әсер еткен, кезде ұзақ уақыт бойы адам ағзасында зиянды әсер етпейді, қазіргі заманғы зерттеу әдістерімен байқалады; қоршаған ортаның (жұмыс аймағы ауасының, атмосфералық ауаның, су объектілері мен топырақтың) санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйін бағалау кезінде генетикалық өлшемдер болып табылады;
Тармақша 54
54) шлам - көмір байыту фабрикаларының суларында байыту нәтижесінде түзілетін, ірілігі 0,5 (1) мм-ден кем ұсақ бөлшектер;
Тармақша 55
55) элементтік талдау - құрамында күл, көміртегі, сутегі, азот, күкірт және оттегі болуы көрсеткіштерімен берілген көмірді талдау.
Тарау 3. 3. Өнімнің Қазақстан Республикасы нарығында айналым шарттары
3. Өнімнің Қазақстан Республикасы нарығында айналым шарттары
Тармақ 6
6. Көмір және оның қайта өңделген өнімдерін нарықта орналастыру кезінде олар осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 7
7. Өткізу нарықтарында айналымға шығарылатын көмір және оның қайта өңделген өнімдері сапа куәлігімен (паспортымен) қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 8
8. Өнім сапасы куәлігінің (паспортының) құрамында мынадай ақпарат болуға тиіс:
Тармақша 1
1) өнімнің атауы және тұтыну түрі;
Тармақша 2
2) өнімнің дайындалған елі және орны;
Тармақша 3
3) дайындаушының (жеткізушінің) атауы және заңды мекен-жайы;
Тармақша 4
4) өнімге арналған нормативтік құжаттың атауы және белгіленуі;
Тармақша 5
5) партия нөмірі;
Тармақша 6
6) массасы (брутто);
Тармақша 7
7) өнімнің дайындалған күні;
Тармақша 8
8) сақтау мерзімі;
Тармақша 9
9) КО СЭҚ ТН және Экономикалық қызмет түрлері жөніндегі өнім сыныптаушысы (ЭҚТ ӨС кодтары);
Тармақша 10
10) технологиялық маркасы (тобы, қосымша тобы);
Тармақша 11
11) дәрежесі (санаты, кіші санаты);
Тармақша 12
12) кесектер мөлшері;
Тармақша 13
13) кодтық саны;
Тармақша 14
14) сәйкестікті растау құжаты туралы мәліметтер.
Тарау 4. 4. Көмір және оның қайта өңделген өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
4. Көмір және оның қайта өңделген өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Тармақ 9
9. Көмір және оның қайта өңделген өнімдері осы Техникалық регламентке 2-қосымшада көрсетілген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 10
10. Көмірдің және оның қайта өңделген өнімдерінің радиациялық қауіпсіздігінің нормалары осы Техникалық регламентке 3-қосымшада келтірілген. Көмір және оның қайта өңделген өнімдері радиациялық қауіптіліктің 1-сыныбына жатқызылуға тиіс. Табиғи радионуклидтердің меншікті белсенділігінің ең аз маңызды үлестік белсенділігінің қатынастарының жиынтығы бір бірліктен аспауы тиіс. Табиғи радионуклидтердің үлестік белсенділігінің ең аз маңызды үлестік белсенділікке қатынастарының жиынтығы бір бірліктен артық болатын көмір және оның қайта өңделген өнімдерін шаруашылық қызметінде пайдалануға болмайды. Көмірдің және оның қайта өңделген өнімдерінің күлі табиғи радионуклидтердің тиімді үлестік белсенділігіне байланысты әр түрлі бағыттарда пайдаланылуы мүмкін.
Тармақ 11
11. Көмірдің және оның қайта өңделген өнімдерінің жанғыштығын және өрт-жарылыс қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштер тұтану температурасы және өзінен-өзі тұтану температурасы болып табылады. Көмір және оның қайта өңделген өнімдері өзінен-өзі жануға, сондай-ақ тұтату көзі әсер еткенде жануға және оны жойған соң өз бетімен жануға қабілетті, «жанғыштар (жанушылар)» тобына жатады. Көмірдің және оның қайта өңделген өнімдерінің тұтану температурасы 120 0С-ға болуға тиіс. Көмірдің және оның қайта өңделген өнімдерінің өзінен-өзі тұтану температурасы кемінде 50 0С болуға тиіс.
Тармақ 12
12. Көмір және оның қайта өңделген өнімдері тотығуға және өзінен-өзі жануға бейімділігімен сипатталады. Көмірді және оның қайта өңделген өнімдерін тотығуға және өзінен-өзі тұтануға бейімділігі бойынша жіктеме және оларды сақтаудың шекті мерзімдері осы Техникалық регламентке 4-қосымшада берілген.
Тармақ 13
13. Көмір және оның қайта өңделген өнімдері тозаң-ауалық жарылыс қауіпті қоспаларын түзуі мүмкін. Тозаң-ауа қоспаларының жарылыс қауіптілігі қоспаның ылғалдылығына, тозаңның ірілігіне, отын қабатына ауаның кіруіне, қоршаған ортаның және отынның температурасына, оның табиғи қасиеттеріне байланысты болады. Құрамында мөлшері 0,2 мм-ден кем көмір бөлшектері бар тозаң-ауа қоспасы аса жарылыс қауіпті болып табылады. Көмір және оның қайта өңделген өнімдерінің жарылыс қауіптілігін бағалау үшін отынның жарылғыштық өлшемдері мен жарылыс қауіптілігінің топтары 5-қосымшаға сәйкес анықталуы тиіс, онда олар үшін жарылысты ескертудің және жарылыстан қорғаудың қажетті құралдары белгіленген. Тозаң жарылғыштығының өлшемдерін есептеу үшін бастапқы деректер мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) көмір мен тозаңды електі талдау;
Тармақша 2
2) техникалық талдау;
Тармақша 3
3) элементтік талдау;
Тармақша 4
4) жану жылулығы.
Тармақ 14
14. Көмір және оның қайта өңделген өнімдерінің сапасы қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптарға сәйкес болуға тиіс. Көмірді өндіру, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау және пайдалану кезінде экологиялық талаптарды орындау, ауадағы ластайтын және зиянды заттардың, парниктік газдар шығарындыларының және қоршаған ортаға эмиссиялардың ШРШ талдау және есептеу үшін бастапқы деректермен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар осы Техникалық регламенттің 14-тармағында көрсетілген көрсеткіштерді (көмір мен тозаңды електі талдау, техникалық талдау, элементтік талдау, жану жылулығы) және күлдің химиялық құрамын анықтауды белгіленген мерзімдерде жүргізу қажет.
Тармақ 15
15. Көмір және оның қайта өңделген өнімдерінің сапасы тасымалданатын жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Көмір және оның қайта өңделген өнімдері бар жүктердің қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштер мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) сақтау мерзімі;
Тармақша 2
2) тұтану температурасы;
Тармақша 3
3) өзінен-өзі тұтану температурасы;
Тармақша 4
4) жарылыс қауіпі тобы. Келтірілген көрсеткіштердің мәндері осы Техникалық регламентке 4, 5-қосымшаларда және 12-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Тарау 5. 5. Көмірді өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
5. Көмірді өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар 5.1 Көмірді өндіру мен қайта өңдеудің өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар
Тармақ 16
16. Көмірді өндіру және қайта өңдеу үдерістері жобаларға, технологиялық регламенттерге және паспорттарға сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. Жобалардың құрамында құрылыстардың жер үстіне орналастыру; көмірді өндірудің және қайта өңдеудің технологиялық үдерістерін, технологиялық жабдықтарды, желдету, өндірістік үдерістерді механикаландыру, автоматтандыру құралдарын қолдану; өндіріс қалдықтарын қоймаландыру; жоспарланатын қызметтің қоршаған ортаға әсер ету қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар болуға тиіс.
Тармақ 17
17. Көмірді өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарында адамдарды құтқару және авариялардың пайда болуының бастапқы кезеңінде оны жою үшін қолда бар барлық қажетті күштер мен құралдарды дереу іске қосуды көздейтін аварияларды жою жоспары жасалуға тиіс.
Тармақ 18
18. Көмір кәсіпорындарында қолданылатын технологиялық жабдықтар және техникалық құрылғылар адам өмірінің, денсаулығының қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 19
19. Жабдықтардың функционалдық мақсатына орай қоршалуы мүмкін емес болатын бөліктерін қоспағанда, олардың қозғалатын, айналатын бөліктерінің қорғаныш қоршауы болуға тиіс.
Тармақ 20
20. Қолданылатын электр жабдықтары, кабельдер және электрмен жабдықтау жүйелері жұмыс істеушілердің электр қауіпсіздігін, сондай-ақ жарылыс және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 21
21. Жұмыс орындарындағы шу деңгейлері осы Техникалық регламентке 6-қосымшада келтірілген шекті рұқсат етілген мәндерден артық болмауға тиіс.
Тармақ 22
22. Жұмыс орындарындағы діріл деңгейлері жабдықтар жұмыс істеген кезде осы Техникалық регламентке 7-қосымшада келтірілген шекті рұқсат етілген мәндерден артық болмауға тиіс.
Тармақ 23
23. Кәсіпорындарда кешенді тозаңсыздандыру көзделуге тиіс. Технологиялық жабдықтар және техникалық құрылғылар тозаң-жарылыстан қорғау жабындарымен және тозаңды басу құралдарымен жарақталуға тиіс.
Тармақ 24
24. Тозаң немесе газ жарылыстары бойынша қауіпті көмірді өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарында тозаң-газ режимі белгіленуге тиіс. Газ тозаңды режим еденнің, қабырғаның және жабдықтардың бетінде өлшенген күйінде ауада жарылыс қауіпті шоғырлану тудыруы мүмкін көмір тозаңының шегуін болдырмайтын, сондай-ақ метан мен зиянды газдар жиналуын, жабдықтардың ішінде жарылыс және үй-жайда жарылыс өнімдерінің шығарындысы пайда болуын ескертетін талаптардың орындалуын көздеуі тиіс.
Тармақ 25
25. Адам ағзасына әсер ету дәрежесі бойынша жұмыс аймағының ауасындағы тозаң мөлшерінің шекті рұқсат берілген шоғырлануы (ШРШ) осы Техникалық регламентке 8-қосымшада келтірілген. Жұмыс аймағындағы тозаңның мөлшері қауіптіліктің 3-сыныбынан (орташа қауіпті) немесе қауіптіліктің 4-сыныбынан (аз қауіпті) жоғары болмауы тиісті емес.
Тармақ 26
26. Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың мөлшері осы Техникалық регламентке берілген 9-қосымшада келтірілген ШРШ аспауы тиіс.
Тармақ 27
27. Көмірдің радиоактивтілігін алдын ала бағалау кен орнын барлау сатысында ашық карьер, ұңғыма забойындағы қабатқа арналған гамма-каротаж немесе беттік түсіру материалдары бойынша анықталатын гамма-сәуле шығарудың балама мөлшерінің қуаты мәндерінің негізінде жүргізіледі. Жеке жылдық тиімді мөлшер - 10 микрозиверттен, ал ұжымдық тиімді жылдық мөлшер 1 адам-зиверттен артып кетпеуі тиіс. Гамма-сәуле шығарудың балама мөлшерінің қуатын анықтау нәтижелері бойынша тексерілетін объект біртекті учаскелерге бөлінеді. Егер гамма-сәуле шығарудың балама мөлшерінің қуатын өлшеу нәтижелері оның барлық беті бойында орташадан 30%-ға артық емес болса, кенорны, қабат табиғи радионуклидтердің мөлшері бойынша біртекті болып саналады. Табиғи радионуклидтердің мөлшері бойынша біртексіз учаскелерді айқындаған кезде, кенорнын игеру және пайдалану арнайы әзірленген жоба бойынша іріктеп алу ескере жүргізіледі. Кен орындарының табиғи радионуклидтердің мөлшері бойынша біртекті аудандары шаруашылық жүргізуші субъектілердің жобалық және нормативтік құжаттарында көрсетілуі тиіс жеке учаскелерге жиектеледі.
Тарау 5.2. 5.2 Көмірді жер асты тәсілімен өндіру
5.2 Көмірді жер асты тәсілімен өндіру
Тармақ 28
28. Көмірді жер асты тәсілімен ендіру үңгілеу, алу учаскелерінде, жерасты қазбаларын жүргізу және бекіту, бұрғылау-жару жұмыстарын орындау, шахталарды желдету, кен массасын тасымалдау және адамдарды тасу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Тармақ 29
29. Лақтырынды қауіпті және соққы қауіпті қабаттарды, сондай-ақ лақтырынды қауіпті жыныстары бар қойнауқаттарды өңдеу кезінде көмірдің, жыныстың және газдың оқыс лақтырындыларын және тау соққыларын болдырмау бойынша талаптар орындалуы тиіс.
Тармақ 30
30. Қауіпті және лақтырындылары мен тау соққылары бойынша қауіп төндірілетін қойнауқаттарды ашуға, тазарту және дайындық жұмыстарын забой лақтырынды қауіпті емес және соққы қауіпті емес күйде болған немесе оған келтірілгенде жағдайда жүргізуге рұқсат етіледі.
Тармақ 31
31. Өзінен-өзі жануға бейімді көмір қабаттарын қазатын шахталарда көмірдің өзінен-өзі қызуының (өзінен-өзі жануының) ерте белгілерін бақылау ұйымдастырылуы тиіс.
Тармақ 32
32. Жерасты қазбаларында және шахта үстіндегі ғимараттарда оңай тұтанатын материалдарды қолдануға және сақтауға тыйым салынады.
Тармақ 33
33. Өрт белгілері байқалған кезде апаттарды жою жоспары қолданысқа енгізілуі тиіс.
Тармақ 34
34. Өрт пайда болған сәттен бастап және оны сөндіру аяқталғанға дейін шахта атмосферасының құрамын тексеру және кен-құтқару жұмыстарын жүргізу орындарында температураны бақылау жүзеге асырылуы тиіс.
Тармақ 35
35. Шахталар тұрақты және сенімді желдеткішпен жабдықталуы тиіс.
Тармақ 36
36. Қолданыстағы кен қазбаларының ауасындағы оттегінің мөлшері кемінде 20%-ды (көлемі бойынша) құрауы тиіс.
Тармақ 37
37. Кеніш ауасындағы метанның мөлшері осы Техникалық регламентке 10-қосымшада келтірілген нормаларға сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 38
38. Дегенмен бір жерінде метан байқалған шахталар газ бойынша қауіпті шахтаға жатады. Оларда метан бөлінетін (бөлінген) шахталар толығымен газ режиміне ауыстырылуы тиіс. Көмір шахталарында метанның шоғырлануын бақылау метан бөлінетін немесе жинақталатын қазбалардың барлығында жүзеге асырылуы тиіс.
Тармақ 39
39. Желдету құралдарымен ауадағы метанның мөлшерін белгіленген нормалар шегінде қамтамасыз ету мүмкін болмайтын газ шахталарында газсыздандыру жүзеге асырылуы тиіс.
Тармақ 40
40. Кеніш ауасындағы көмірқышқыл газының мөлшерін жұмыс орындарында және алу бөліктері мен тұйық қазбалардың шығатын ағыстарында - 0,5 %-дан артық болмауы, қабаттың және тұтас алғанда шахтаның, қанаттың шығатын ағысы бар қазбаларда - 0,75 %-дан артық емес, үйінді бойынша қазбаларды жүргізу және қалпына келтіру кезінде 1 %-дан артық болмауы тиіс.
Тармақ 41
41. Қолданыстағы жерасты қазбаларының ауасында зиянды газдардың (булардың) мөлшері осы Техникалық регламентке 11-қосымшада көрсетілген шекті рұқсат берілген шоғырланудан аспауы тиіс.
Тармақ 42
42. Шахталарды желдету кезіндегі ауа жылдамдығы кемінде: барлық шахталардың тазарту қазбаларының забой жанындағы кеңістіктерінде, газ шахталарының тұйық қазбаларында және жалпы шахталық тоқырау есебінен желдетілетін шахтаның қалған қазбаларында - 0,25 метр бөлінген секунд (бұдан әрі - м/с); метан бойынша III санатты және одан жоғары шахталарда, көмір және аралас забойлар бойынша, сондай-ақ қазылған кеңістікпен байланысы бар барлық жүргізілетін кен қазбаларында және жойылатын қазбаларда - 0,5 м/с; оқпандар мен шурфтарды үңгілеу және тереңдету кезінде, газдық емес шахталардың тұйық қазбаларында - 0,15 м/с болуы тиіс.
Тармақ 43
43. Тұрақты жұмыс орындарындағы және шахталардың жерасты қазбаларындағы ауа температурасы + 16 0С-дан кем емес және +26оС-дан көп емес болуы тиіс.
Тармақ 44
44. Әрбір шахтада ауаны тозаңсыздандыру бойынша талаптар орындалуы тиіс.
Тармақ 45
45. Кен массасын уатуға және тасымалдауға арналған тау-кен машиналары барынша аз тозаң түзілуін қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 46
46. Тазарту жұмыстарын жүргізу кезінде, сондай-ақ орташа қуатты және қалың қабаттар бойынша таңдау әрекетті комбайндармен қазу жұмыстарын жүргізу кезінде алаптағы көмірді алдын ала ылғалдандыру қолданылуы тиіс.
Тармақ 47
47. Қабылдау бункерлері, төңкергіштер, скиптерді түсіруге және тиеуге арналған құрылғылар кен массасының төгілуін болдырмау және одан тозаңды үрлеу құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.
Тармақ 48
48. Тозаң жарылыстары бойынша қауіпті қабаттарды қазатын шахталарда инертті тозаңды (тақта тасты тозаң-жарылыстан қорғау), суды (су-тозаң-жарылыстан қорғау) немесе суды және инертті тозаңды (аралас тозаң-жарылыстан қорғау) қолдануға негізделген көмір тозаңының жарылыстарын ескерту және жайылтпау бойынша талаптар орындалуы тиіс.
Тармақ 49
49. Судың бұзып өтуі бойынша қауіпті аймақтардағы тау-кен жұмыстары су мен зиянды газдардың қолданыстағы қазбаларды бұзуын болдырмау бойынша шараларды көздейтін жобаға сәйкес жүргізілуі тиіс.
Тармақ 50
50. Қауіпті аймақтардың шекараларын шахтаның маркшейдерлік және геологиялық қызметтері жасауы тиіс, олар қауіпті аймақтарды дер кезінде анықтайды, есепке алады және маркшейдерлік құжаттамаға түсіреді.
Тармақ 51
51. Адамдарды тасымалдау, кен массасын және жүктерді тасымалдау көлік және көтеретін техникалық құралдарды, технологияларды қолдану және апаттардың пайда болуын болдырмайтын жұмыстарды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Тармақ 52
52. Адамдар мен жүктерді тік және көлбеу қазбалар бойымен көтеру мен түсірудің барынша үлкен жылдамдықтары осы Техникалық регламентке берілгөн 12-қосымшада келтірілген шамалардан аспауы тиіс.
Тарау 5.3. 5.3 Көмірді ашық тәсілмен өндіру
5.3 Көмірді ашық тәсілмен өндіру
Тармақ 53
53. Көмірді ашық тәсілмен өндіру аршу және өндіру жұмыстары, тау-кен жабдықтары және көлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Тармақ 54
54. Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде тау жыныстарының таралу шекараларын және деформацияларының түрін белгілеу, деформацияның жылдамдығы мен шамасын анықтау, ығысудың ауыспалы шамасын анықтау мақсатында ернеулердің, орлардың, кертпештердің, беткейлер мен үйінділердің жағдайын маркшейдерлік және геофизикалық бақылау жүзеге асырылуы тиіс.
Тармақ 55
55. Көшкін қауіпті және сел қауіпті аймақтарда жұмыс жүргізген кезде қар көшкіндерінен және су тасқындарынан қорғау бойынша шаралар жүзеге асырылуы тиіс.
Тармақ 56
56. Гидротехникалық ғимараттар (бөгеттер, арнаны қайтаратын және ордегі орлар, платиналар) тасқын және нөсер суларын өткізуді қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 57
57. Кен қазбалары беткейлерінің және үйінділерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, көмір мен қазылатын жыныстардың ылғалдылығын төмендету, кен-көлік жабдықтарының жұмысына қауіпсіз жағдайларын жасау үшін суды құрғату жүйесінің әсер ету аймағынан тысқары жерге суды бұруға арналған құрылыстар көзделуі тиіс.
Тармақ 58
58. Разрездерде бұрғылау-жару жұмыстары жұмыстарды ұйымдастыру және зарядтарды қоздыру тәсілдері, зарядтарды, оқ-дәрілерді және жарылғыш материалдарды пайдалану, қауіпті аймақты анықтау, жарылыс жұмыстары ауданын желдету бойынша қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы жүргізілуі тиіс.
Тарау 5.4. 5.4 Көмірді аралас тәсілмен өндіру
5.4 Көмірді аралас тәсілмен өндіру
Тармақ 59
59. Көмірді аралас тәсілмен өндіру өзара келісілген көмір разрездері мен шахталардың жобалары және тау-кен жұмыстарын ашық және жерасты өндіру жоспары бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Көмір кен орнын аралас тәсілімен қазу кезінде жерасты және ашық тәсілмен өндіру үдерістеріне жататын қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс.
Тармақ 60
60. Тау-кен жұмыстарын жүргізу шебі мына бағыттарда орналасуы тиіс: ашық жұмыстар кезінде - жерасты тазарту жұмыстарын дамыту шебіне қарсы; жерасты тазарту жұмыстары кезінде - алаптан разрезге.
Тармақ 61
61. Кен орнын ашық және жерасты тәсілдерімен аралас қазуды жүргізетін кәсіпорындар Авариялық құтқару қызметімен бірлесіп, оларға газдардың өтуі, судың бұзуы, кен алабының түрін өзгертуі мүмкін қауіпті аймақтардың шекараларындағы тау-кен жұмыстары учаскелерін (орындарын) анықтауы және көрсетілген учаскелердегі жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іс-шаралар әзірлеуге тиіс.
Тармақ 62
62. Жерасты қазбаларының немесе карстарының болуы себепті, ықтимал опырылып құлау немесе құлаған жердің аймақтарында шахталар мен разрездердің маркшейдерлік қызметтері карьер ернеулері мен топырағының жай күйіне аспаптық бақылау жүргізуі тиіс.
Тармақ 63
63. Ашық және жерасты тау-кен жұмыстары арасындағы сақтандырғыш кен діңгекті қазу карьердің кендіңгегінен ернеулердің құлауын болдырмайтын және жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды орындау кезінде жүзеге асырылуы тиіс.
Тарау 5.5. 5.5 Көмірді қайта өңдеу
5.5 Көмірді қайта өңдеу
Тармақ 64
64. Көмірді қайта өңдейтін кәсіпорындарда (сорттау, байыту, брикеттеу) тозаң-газ режимі белгіленуге тиіс.
Тармақ 65
65. Кәсіпорындарда: үй-жайлардың ауасындағы метанның мөлшерін; үй-жайлардың ауасындағы және атмосфераға шығарындыларда тозаңның мөлшерін; үй-жайлардың ауасындағы (СО және СО2) мөлшерін; үй-жайларда тозаңның шөгуіне бақылау ұйымдастырылуы тиіс.
Тармақ 66
66. Көмірді қабылдау, көмірді дайындау, дайын өнімді кептіру және тиеу, көмірді байытудың алдында пневматикалық айыру, құрғақ жіктеу және тозаңсыздандыру учаскелерінде жұмыс аймағының ауасындағы тозаңның шоғырлануы 8-қосымшаға сәйкес ШРШ деңгейінде сақталуы тиіс.
Тармақ 67
67. Шикізатты және дайын өнімді ұсатқыштарда, транспортер таспаларында, електерде тиеу, түсіру және қайта төгу орындары аспирациялық жабындармен және тозаңсыздандыру жүйелерімен жабдықталуы тиіс.
Тармақ 68
68. Аспирациялық жүйелермен жабдықталған барлық құрылыстардың кірме ағындық желдеткіші болуы тиіс.
Тармақ 69
69. Үй-жайлардың ауасындағы метанның мөлшері 2 %-дан көп болмауы тиіс.
Тармақ 70
70. Көмірді қайта өңдеу кезінде пайдаланылатын реагенттер жабық қоймаларда металл резервуарларда және тікелей күн сәулесінен және атмосфералық жауын-шашыннан қорғайтын қалқаның астында цистерналарда сақталуы тиіс.
Тармақ 71
71. Түйіспелік күбілерге, флотациялық машиналарға және басқа агрегаттарға реагенттерді беру реагенттердің еденге, топыраққа түсуін болдырмайтын жабық коммуникациялар бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
Тармақ 72
72. Реагенттерді тұтыну орнына жеткізу және түсіру механикаландырылған болуы тиіс.
Тармақ 73
73. Електеу, ұсату және центрифугаларда шламды құрғату учаскелерінде шудан қорғау үшін дыбысты оқшаулау кабиналарынан технологиялық үдерістің барысын қашықтан бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс, қызмет көрсететін жұмысшылар есту органын жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Тармақ 74
74. Вакууммен жұмыс істейтін жабдықтар (вакуум-сорғылар, ресиверлер, торлар, үлестіру бастиегі, ысырмалар, магистральдық желілер) тұмшалануы тиіс.
Тармақ 75
75. Қысымның астында болатын құбырлар мен ыдыстарда қысымды бақылау аспаптары және сақтандыру клапандары орнатылуы тиіс.
Тармақ 76
76. Сыртқы тұндырғыштар құрылғысы жұмыс істеп тұрған немесе жобаланатын өнеркәсіптік ұйымдар мен елді мекендер орналасқан ауданда ауа бассейнінің тазалығын, сондай-ақ ашық су айдындарына төгілетін өндірістік сулардың тазалығын қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 77
77. Қалдық қоймасының үстіңгі қабатының тозаңдануын болдырмау үшін оның бекіту бойынша шаралар жүзеге асырылуы тиіс: қабық түзетін заттарды салу, шөптер, өсімдіктер егу және т.б.
Тармақ 78
78. Кептіру жолдарының тозаң шөгіп қалатындай учаскелері, қаптары және тұйықталған жерлері болмауы тиіс.
Тармақ 79
79. Газ жолдарының қабатқа көлбеу бұрышы кемінде 45 болуы тиіс.
Тармақ 80
80. Кептіру қондырғысының жолында және кептірілген көмір конвейерлерінде жану ошақтары табылған кезде буды беру не автоматты өрт сөндіру жүйесін қосу ие қолда бар өрт сөндіру құралдарымен люктер арқылы жану және бықсу ошақтарын сөндіру қажет.
Тарау 5.6. 5.6 Көмірді сақтау және тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
5.6 Көмірді сақтау және тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Тармақ 81
81. Көмірді және оның қайта өңделген өнімдерін сақтау өрттер мен жарылыстардың пайда болуын, қоршаған ортаның ластануы мен зақымдалуын болдырмайтын шараларды сақтап, суландыруға ұшырамаған, арнайы жабдықталған қоймалар мен құрғақ алаңдарда жүзеге асырылуы тиіс.
Тармақ 82
82. Өзінен-өзі тұтанатын көмірді сақтауға арналған қоймалар мен алаңдар жанатын құрылыстардан кемінде 8 м қашықтықта орналасуы тиіс.
Тармақ 83
83. Қойма шаруашылығын орналастыру мен тасымалдау операцияларын ұйымдастыру ауа бассейні мен өндірістік алаңның ластануын болдырмайтын тәсілдер мен құрылғыларды пайдаланып, механикаландырылған беруді, тиеуді және түсіруді қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 84
84. Түсірілген көмірдің пішінсіз үймелерде және үйіндімен 2 тәуліктен көп емес қауіпсіз сақтауға рұқсат етіледі.
Тармақ 85
85. Көмірдің ұзақ сақталу кезеңінде кәсіпорын штабельдің температуралық күйіне бақылау жүргізуі тиіс. Температураны өлшеу жиілігі көмірдің өзінен-өзі жануға бейімділігіне байланысты. Штабельде көмір аумалы температурадан 2 0С-дан артық қызған кезде өзінен-өзі жану ошақтарын жою үшін шаралар қабылдануы тиіс.
Тармақ 86
86. Көмірді қоймаға бергенде, штабельге салғанда және кері бергенде көмірдің ұсақталуын азайту және оның тозаңдануын болдырмау бойынша шаралар көзделуі тиіс.
Тармақ 87
87. Көмірдің штабельде қызуын және өзінен-өзі тұтануының алдын-алу үшін:
Тармақша 1
1) алдын ала көмірді тұтынушыларға штабельдің жаңартылатын бөлігінен ескі көмірді толық тиеп беріп, штабельдегі ескі көмірді жаңа өндірілген көмірмен дүркін-дүркін ауыстыру;
Тармақша 2
2) кейіннен көмірді қабаттық және беттік тығыздау арқылы штабельді қабаттық қалыптастыру кезінде тотығуға және өзінен-өзі жануға бейім көмірдегі тотығу үдерістерін және онымен байланысты зиянды газдардың бөлінуін баяулатуды оларға ерітінділер, су эмульсиялары, суспензиялар немесе құрғақ реагенттер түріндегі ингибитор-антитотықтырғыштарды енгізу жолымен жүзеге асыру.
Тармақша 3
3) көмірді штабельді салу кезінде көмірдің салмағына суспензияның 3 салмақтық пайызы есебінен сөндірілген әктастың 2-3 %-дық сулы суспензиясымен біркелкі дымқылдандыру. (Бұл ретте күлділік 0,06 %-дан көп аспауы тиіс).
Тармақ 88
88. Көмір штабельдерінде пайда болған температурасы 35оС-дан жоғары көмірдің өзінен-өзі қызу ошақтары табылған кезде қызған көмір штабельден темір жол вагондарына және басқа көлік құралдарына дереу тиеледі. Мұндай тиеу мүмкін болмаған кезде қызу ошақтары ауданында көмір қосымша тығыздалады.
Тармақ 89
89. Көмірдің температурасы жоғарылуын жалғастырып, 50оС-ға жеткен жағдайда, бүкіл қызған көмірді бос орында биіктігі 1,5 м-ден көп емес жеке штабельдерге салып, оны штабельден жоюға дереу кірісу қажет.
Тармақ 90
90. Газ бойынша қауіпті көмірге арналған жабық қоймаларды пайдаланған кезде жерасты бөлігінде метанға ауысым сайын бақылау жүргізу қажет.
Тармақ 91
91. Жыныстардың өзінен-өзі жануы мүмкін ошақтарын табу және өзінен-өзі жануының алдын-алу бойынша шараларды дер кезінде қабылдау мақсатында үйінділердің жылулық күйін бақылау жүргізілуі тиіс. Температураны өлшеу жер бетінен 0,5 м тереңдікте жүргізіледі.
Тармақ 92
92. Агломерацияланған отын салқындатылған (45 оС көп емес), мұздатылмаған түрде тасымалдануы, бір-бірінен оңай бөлінуі, үгітілмеуі тиіс.
Тармақ 93
93. Көмірді төменгі түсіру люктері бар жартылай вагондарға тиеудің алдында бар саңылауларды, оның ішінде олар арқылы тасымалдау кезінде сыныбы 13 мм-ден кем көмірдің төгілуі мүмкін болатын конструкциялық саңылауларды тығыздау бойынша шаралар қабылдау қажет.
Тармақ 94
94. Көмірді және оның қайта өңделген өнімдерін көліктің әр алуан түрлерімен тасымалдау қауіпсіз болуы және осы Техникалық регламенттің 15-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Тармақ 95
95. Олардың қызмет ету үдерісінде қалдықтар түзілетін көмірді өндіретін және қайта өңдейтін кәсіпорындар, олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын ескеруі, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы және оларды кәдеге жарату бойынша іс-шараларды орындауы тиіс.
Тарау 6. 6. Өнімнің сәйкестігін растау
6. Өнімнің сәйкестігін растау
Тармақ 96
96. Өнімнің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен бекітілген, «Сәйкестікті растау тәртіптері» Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Көмірдің және оның қайта өңделген өнімдерін сәйкестендіру және сәйкестігін растау стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес аккредиттелген сынау зертханаларында үлгілерді сынау нәтижелерінің негізінде жүргізілуі тиіс.
Тарау 7. 7. Техникалық регламенттің күшіне ену мерзімдері және шарттары
7. Техникалық регламенттің күшіне ену мерзімдері және шарттары
Тармақ 97
97. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілген сәттен бастап Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы нормативтік актілер Техникалық регламентіне сәйкес келтірілгенге дейін Техникалық регламентке қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
Тармақ 98
98. Осы Техникалық регламенттің талаптарын орындау үшін қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде қалыптастырылатын өзге де құжаттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен үйлестірілуге жатады.
Тармақ 99
99. Орталық және жергілікті атқарушы органдар өздерінің нормативтік құқықтық актілерін осы Техникалық регламентке сәйкес келтіруді, сондай-ақ оларды бейімдеп енгізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 100
100. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.16 № 1317 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Тармақ 101
101. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті талаптары қолданылатын көмір тізбесі
«Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне 1-қосымша «Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті талаптары қолданылатын көмір тізбесі КО СЭҚ ТН ко­ды По­зи­ция ата­уы Өнім ата­уы 2701 Тас кө­мір; тас кө­мір­ден алын­ған бри­кет­тер, ше­кем та­стар және қат­ты отын­ның ұқсас түр­ле­рі: то­заң түр­де­гі неме­се то­заң тү­рін­де­гі емес, бі­рақ аг­ло­ме­ра­ци­я­лан­ба­ған тас кө­мір Тас кө­мір бри­кет­тер, ше­кем та­стар және қат­ты отын­ның ұқсас түр­ле­рі; то­заң тү­рін­де­гі неме­се то­заң тү­рін­де­гі емес, аг­ло­ме­ра­ци­я­лан­ба­ған тас кө­мір 2701 12 би­тум­ды кө­мір тас кө­мір би­тум­ды кө­мір кок­с­те­ле­тін кө­мір қа­тар­да­ғы кө­мір бай­ы­тыл­ма­ған кө­мір сұ­рып­тал­ған кө­мір бай­ы­ты­л­ған кө­мір кон­цен­трат өнер­к­ә­сіп­тік өнім шлам елен­ді 2701 12 100 0 кок­с­тел­ген кө­мір 2701 12 900 0 бас­қа 2701 19 000 0 бас­қа да кө­мір 2701 20 000 0 бри­кет­тер, ше­кем та­стар және тас кө­мір­ден алын­ған қат­ты отын­ның ұқсас түр­ле­рі бри­кет­тер, ше­кем та­стар және тас кө­мір­ден алын­ған аг­ло­ме­ра­ци­я­лан­ған отын­ның ұқсас түр­ле­рі 2702 га­гат­тан бас­қа лиг­нит неме­се, аг­ло­ме­ра­ци­я­лан­ған неме­се аг­ло­ме­ра­ци­я­лан­ба­ған қо­ңыр кө­мір аг­ло­ме­ра­ци­я­лан­ған неме­се аг­ло­ме­ра­ци­я­лан­ба­ған лиг­нит неме­се қо­ңыр кө­мір 2702 10 000 0 то­заң тү­рін­де­гі неме­се то­заң тү­рін­де­гі емес, бі­рақ аг­ло­ме­ра­ци­я­лан­ба­ған лиг­нит неме­се қо­ңыр кө­мір лиг­нит неме­се қо­ңыр кө­мір қа­тар­да­ғы кө­мір бай­ы­тыл­ма­ған кө­мір сұ­рып­тал­ған кө­мір бай­ы­ты­л­ған кө­мір елен­ді 2702 20 000 0 аг­ло­ме­ра­ци­я­лан­ған лиг­нит неме­се қо­ңыр кө­мір бри­кет­тер, ше­кем та­стар және лиг­ни­т­тен неме­се қо­ңыр кө­мір­ден алын­ған аг­ло­ме­ра­ци­я­лан­ған отын­ның ұқсас түр­ле­рі
Басқа 2. Көмірдің және оның қайта өңделген өнімдерінің қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштердің нормалары
«Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне 2-қосымша Көмірдің және оның қайта өңделген өнімдерінің қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштердің нормалары 📌 Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.16 № 1317 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. Өнім көр­сет­кі­ші­нің ата­уы Өнім­ге ар­нал­ған нор­ма 1. Аd күл­ді­лі­гі, %, ар­тық емес 45,0 2. Жал­пы кү­кірт­тің мас­са­лық үле­сі Sdt,%, ар­тық емес 3,0 3. Хлор­дың мас­са­лық үле­сі C1d, %, ар­тық емес 0,4 4. Кү­ш­ән­нің мас­са­лық үле­сі Аsd, %, ар­тық емес 0,01
Басқа 3. Қатты отынның радиациялық қауіптілігінің нормалары
«Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне 3-қосымша Қатты отынның радиациялық қауіптілігінің нормалары Қат­ты отын­ның ра­ди­а­ци­я­лық қа­уіп­ті­лі­гі сы­ны­бы Қат­ты отын­да­ғы та­би­ғи ра­ди­о­нук­лид­тер­дің мен­шік­ті бел­сен­ді­лі­гі­нің ең аз мән­ді мен­шік­ті бел­сен­ді­лі­гіне -  қа­ты­на­ста­ры­ның со­ма­сы, (МММБ,Сқ.0Т., бірл.) Қат­ты отын­ды қа­уіп­сіз пай­да­ла­ну шар­тта­ры I <1 Қат­ты отын­ды ша­ру­а­шы­лық қыз­мет­те пай­да­ла­ну­ға еш­қан­дай шек­те­улер ен­гі­зіл­мей­ді II >1 Қат­ты отын­ды ша­ру­а­шы­лық қыз­мет­те пай­да­ла­ну­ға тый­ым са­лын­ған Қатты отын күлінің радиациялық қауіптілігінің нормалары Күл­дің ра­ди­а­ци­я­лық қа­уіп­ті­лі­гі­нің сы­ны­бы Күл­де­гі та­би­ғи ра­ди­о­нук­лид­тер­дің ти­ім­ді мен­шік­ті бел­сен­ді­лі­гі А күл ти­ім­ді(А күл ти­імд. бо­лж.),Бк/кг Күл­ді қа­уіп­сіз пай­да­ла­ну шар­тта­ры I 370-ке дей­ін Күл са­лы­нып жа­тқан және қай­та са­лы­на­тын тұр­ғын үй және қо­ғам­дық ғи­ма­рат­тар­да пай­да­ла­ны­луы мүм­кін II 370-тен 740-қа дей­ін Күл ел­ді ме­кен­дер ау­ма­ғы­ның және пер­спек­ти­ва­лы құ­ры­лыс ай­мақ­та­ры­ның ше­гін­де жол құ­ры­лы­сын­да, сон­дай-ақ өн­ді­рі­стік ғи­ма­рат­тар­ды тұр­ғыз­ған­да пай­да­ла­ны­луы мүм­кін III 740-тан 1500-ге дей­ін Күл ел­ді ме­кен­дер­ден тыс жол құ­ры­лы­сын­да пай­да­ла­ны­луы мүм­кін IV 1500-ден ар­тық 4000-ға дей­ін Күл­ді пай­да­ла­ну мә­се­ле­сі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қыз­ме­ті­нің аумақ­тық ор­ган­да­ры­мен ке­лі­сім бой­ын­ша әр­бір жағ­дай­да же­ке ше­ші­ле­ді
Басқа 4. Көмірдің тотығуға және өздігінен жануға бейімділігі бойынша топтары
«Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне 4-қосымша Көмірдің тотығуға және өздігінен жануға бейімділігі бойынша топтары Топ нө­мі­рі Топ­тың ата­уы Кө­мір­дің ата­уы, тех­но­ло­ги­я­лық мар­ка­сы То­тық­қан­дық көр­сет­кі­ші ОКр, %, ар­тық емес Сақ­тау мер­зі­мі, ай, ар­тық емес 1 То­тығ­у­ға ба­рын­ша тұ­рақ­ты Ан­тра­цит­тер, жар­ты­лай ан­тра­цит­тер - 36 2 То­тығ­у­ға тұ­рақ­ты Ж, КЖ, К, КО, КСН, КС, ОС мар­ка­лы тас кө­мір­лер Бай­ы­тыл­ма­ған, сұ­рып­тал­ған, бай­ы­ты­л­ған кө­мір 50 18 3 То­тығ­у­ға ор­та­ша тұ­рақ­ты ДГ, Г, ГЖО, ГЖ мар­ка­лы тас кө­мір Бай­ы­тыл­ма­ған, сұ­рып­тал­ған, бай­ы­ты­л­ған кө­мір 50 12 4 То­тығ­у­ға тұ­рақ­сыз Тас кө­мір, лиг­нит және қо­ңыр кө­мір Д мар­ка­сы Б мар­ка­сы Бай­ы­тыл­ма­ған, сұ­рып­тал­ған, бай­ы­ты­л­ған кө­мір 55 60 6 3
Басқа 5. Көмір және оның қайта өңделген өнімдері тозаңының жарылыс қауіптілігі топтары
«Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне 5-қосымша Көмір және оның қайта өңделген өнімдері тозаңының жарылыс қауіптілігі топтары Жа­ры­лыс қа­уіп­ті­лі­гі то­бы Жа­ры­л­ғы­штық өл­ше­мі То­заң­ның жа­ры­лыс қа­уіп­ті­лі­гі 1 Кт<1,0 Аз 2 1,0<Кт<1,5 Ор­та­ша 3 1,5<Кт<3,5 Ор­та­ша жо­ға­ры 4 Кт>3,5 Жо­ға­ры
Басқа 6. Жабдықтар жұмыс істеген кезде жұмыс орындарындағы шу деңгейлері
«Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне 6-қосымша Жабдықтар жұмыс істеген кезде жұмыс орындарындағы шу деңгейлері Жұ­мыс орын­да­ры және жұ­мыстар­дың түр­ле­рі Шу дең­гейі, де­ци­бел (бұ­дан әрі - дБ), ар­тық емес Тау-кен қаз­ба­ла­ры, өн­ді­рі­стік жай­лар, үстің­гі бет ау­ма­ғы 80 Ба­қы­лау және қа­шық­тан бас­қа­ру ка­би­на­ла­ры: те­ле­фон бой­ын­ша ре­зерв­тік бай­ла­ныс­сыз те­ле­фон бой­ын­ша сөй­ле­су бай­ла­ны­сы­мен 80 65 Ықы­ла­сты­лық­ты және на­зар ауда­ру­ды та­лап ете­тін жо­ға­ры бі­лік­ті жұ­мыстар 60
Басқа 7. Көмір кәсіпорындарының жабдықтары жұмыс істеген кезде жұмыс орындарындағы дірілдің деңгейлері
«Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне 7-қосымша Көмір кәсіпорындарының жабдықтары жұмыс істеген кезде жұмыс орындарындағы дірілдің деңгейлері Ді­ріл тү­рі Ді­ріл са­на­ты (ма­ши­на­лар мен жаб­дық­тар­дың тү­рі) Жи­і­лі­гі бой­ын­ша тү­зе­ту және ді­ріл үде­уі­нің ба­ла­ма тү­зе­ті­л­ген мән­де­рі, дБ ді­ріл үде­уі ді­ріл жыл­дамды­ғы Жер­гі­лік­ті Уат­қыш ба­лға­лар, бұр­ғы­лар, пер­фо­ра­тор­лар 126 112 Жал­пы 1. Кө­лік­тік (өзді­гі­нен жү­ре­тін шах­та кө­лі­гі) 112 116 2. Кө­лік­тік-тех­но­ло­ги­я­лық (тау-кен ком­байн­да­ры, шах­та­лық ти­еу ма­ши­на­ла­ры, өзді­гі­нен жү­ре­тін бұр­ғы­лау қон­дыр­ғы­ла­ры) 109 101 3. Тех­но­ло­ги­я­лық (сор­ғы­лар, жел­дет­кіш­тер, кө­тер­гіш ма­ши­на­лар, ком­прес­сор­лар және т.б.) 100 92
Басқа 8. Жұмыс аймағы ауасындағы тозаңның шекті-рұқсатталған шоғырлануы (ШРШ)
«Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне 8-қосымша Жұмыс аймағы ауасындағы тозаңның шекті-рұқсатталған шоғырлануы (ШРШ) Заттың ата­уы Крем­ний­дің бос қос то­тығ­ы­ның мөл­ше­рі, % ШРШ ша­ма­сы, мил­ли­грамм бө­лін­ген тек­ше­метр (бұ­дан әрі - мг/м3) Қа­уіп­ті­лік сы­ны­бы Жы­ны­стық кө­мір то­за­ңы 70-тен ар­тық 1 3 10-70 2 4 2-10 4 4 2-ден кем 10 4
Басқа 9. Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың шекті-рұқсатталған шоғырлануы (ШРШ)
«Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне 9-қосымша Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың шекті-рұқсатталған шоғырлануы (ШРШ) Заттың ата­уы Крем­ний­дің бос қос то­тығ­ы­ның мөл­ше­рі, % ШРШ ша­ма­сы, мг/м3 Өн­ді­ріс жағ­дай­ла­рын­да­ғы ба­сым аг­ре­гат­тық күй Қа­уіп­ті­лік сы­ны­бы Ағ­за­ға әсер ету ерекше­лік­те­рі Ан­тра­цит 5-тен кем 6 а 4 ф Кө­мір және жы­ны­стық кө­мір то­за­ңы 5-тен кем 10 а 4 ф 5-тен 10-ға дей­ін 4 а 3 ф Шар­тты бел­гі­лер: а - аэро­золь; ф - ба­сым көп­ші­лі­гін­де фиб­ро­ген­дік әре­кет аэро­зо­лі
Басқа 10. Жерасты қазбалары атмосферасындағы метан мөлшерінің нормалары
«Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне 10-қосымша Жерасты қазбалары атмосферасындағы метан мөлшерінің нормалары Жел­дет­пе ағыс, құ­быр жол Ме­тан­ның шо­ғыр­ла­нуы, % кө­ле­мі бой­ын­ша, ар­тық емес Та­зарт­па неме­се тұй­ық қаз­ба­дан, ка­ме­ра­дан, қаз­ба учас­ке­сі­нен, ті­ре­ле­тін қаз­ба­дан шы­ға­тын 1 Шах­та­ның шы­ға­тын қа­на­ты 0,75 Қаз­ба учас­ке­сін­де, та­зарт­па қаз­ба­лар­ға, тұй­ық қаз­ба­лар­дың за­бой­ла­ры­на және ка­ме­ра­лар­ға тү­се­тін 0,5 Ме­тан­ның та­зарт­па, тұй­ық және бас­қа қаз­ба­лар­да­ғы жер­гі­лік­ті жи­на­луы 2 Ара­ла­стыр­ғыш ка­ме­ра­лар­дан шы­ға бе­рі­сте­гі 2 Жел­дет­кіш­тің (эжек­тор­лар­дың) кө­ме­гі­мен ме­тан­ды оқ­ша­у­лан­ған бұ­ру­ға ар­нал­ған құ­быр жол­дар 3,5
Басқа 11. Жұмыс істеп тұрған жерасты қазбаларының ауасында зиянды газдардың шоғырлануы
«Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне 11-қосымша Жұмыс істеп тұрған жерасты қазбаларының ауасында зиянды газдардың шоғырлануы Зи­ян­ды га­з­дар Шах­та­лар­дың жұ­мыс іс­теп тұр­ған қаз­ба­ла­рын­да га­з­дың шо­ғыр­ла­нуы % кө­ле­мі бой­ын­ша мг/м3 Кө­мір­те­гі ок­си­ді (СО) 0,00170 20 Азот ок­сид­те­рі (NO2ге қай­та есеп­те­гең­де) 0,00025 5 Азот ди­ок­си­ді (NO2) 0,00010 2 Кү­кірт­ті ан­гид­рид (SO2) 0,00038 10 Кү­кірт­ті су­тек (H2S) 0,00070 10
Басқа 12. Адамдар мен жүктерді тік және көлбеу қазбалар бойымен көтеру мен түсірудің ең жоғары жылдамдықтары
«Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне 12-қосымша Адамдар мен жүктерді тік және көлбеу қазбалар бойымен көтеру мен түсірудің ең жоғары жылдамдықтары Қаз­ба­лар ата­уы Кө­те­ру мен тү­сі­ру­дің ең жо­ға­ры жыл­дамды­ғы, м/с адам­дар­ды жүк­тер­ді Тік қаз­ба­лар: жо­ба­да ай­қын­да­ла­ды клеть­тер­мен 12 скип­тер­мен жаб­дық­тал­ған - Кел­беу қаз­ба­лар: скип­тер­мен - 7 ва­го­нет­ка­лар­мен жаб­дық­тал­ған 5 5 Үң­гі­ле­уде­гі тік қаз­ба­лар (ба­ғыт­та­у­шы­лар бой­ь­ш­ша) қа­у­ға­лар­мен (ба­ғыт­та­у­шы­лар­сыз) ас­па­лы үң­гі­леу жаб­дық­та­ры­мен құт­қа­ру са­ты­ла­ры­мен жаб­дық­тал­ған 8 2 - 0,35 12 2 0,2 - Ауқым­сыз жүк­тер­ді тік және көл­беу қаз­ба­лар бой­ы­мен тү­сі­ру осы кө­те­ру­ге ар­нал­ған но­ми­нал­ды жыл­дам­дық 1/3