О правилах обеспечения периодичности бюджетных изъятий из бюджетов городов и районов в областной бюджет Күшін жойған
Басқа 0
Қалалар мен аудандардың бюджеттерінен облыстық бюджетке мерзімді бюджеттік алуды қамтамасыз ету жөніндегі ережелер туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 12.11.2009 № 27 шешімімен.
"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 Заңының 8-бабына сәйкес енгізілген толықтырулар мен өзгертулерді ескере отырып, ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың бюджеттерінен облыстық бюджетке мерзімді бюджеттік алуды қамтамасыз ету жөніндегі қосылып беріліп отырған ереже бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. "Қостанай облысының 2000 жылға арналған облыстық бюджеті туралы" 1999 жылғы 15 желтоқсандағы Қостанай облыстық мәслихаты (екінші шақырылуының) сессиясының шешіміне және көрсетілген Ережелерге сәйкес қалалар мен аудандардың бюджеттерінің кіріс бөлігінен проценттерде облыстық бюджетке қалалар мен аудандардың бюджеттерінен алынатын бюджеттік алудың ұсынылып отырған мөлшерлері бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Облыстың қазынашылық басқармасына және оның аумақтық органдарына облыстық бюджетке бюджеттік алуды аударуға күнделікті бақылау жасауды қамтамасыз ету және қалалық (аудандық) бюджеттің мекемелерін қаржыландыруға облыстық бюджет алдындағы міндеттемелер орындалғаннан кейін ғана аумақтық қаржы органдары ұсынылған қаржылық рұқсаттарды қабылдауға ұсыныс жасалсын.
Тармақ 4
4. Қала және аудан әкімдеріне осы шешімнің 1 тармағымен бекітілген Ережелерге сәйкес облыстық бюджетке бюджеттік алуларды күнделікті аударып отыруды қамтамасыз ету міндеттелсін.
Қалалар мен аудандардың әкімдері, қалалық (аудандық) қаржы басқармаларының бастықтары осы шешімнің орындалуына жеке жауап береді.
Тармақ 5
5. Осы шешім облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілсін.
Басқа 6. Қалалар мен аудандардың бюджеттерінен облыстық бюджетке мерзімді бюджеттік алуды қамтамасыз ету жөніндегі ережелер
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 267 шешіміне 1 қосымша
Қалалар мен аудандардың бюджеттерінен облыстық бюджетке мерзімді бюджеттік алуды қамтамасыз ету жөніндегі ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелер "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 Заңының өзгертулер мен толықтыруларын ескере отырып және "Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен, республикалық бюджетке мерзімді бюджеттік алуды қамтамасыз ету жөніндегі ережелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4 мамырдағы № 528 қаулысының негізінде ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы облыстық мәслихаттың сессиясы шешімін орындау үшін әзірленген.
Тармақ 2
2. Қостанай облысының қаржы департаменті бір айлық мерзімнің ішінде ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы облыстық мәслихат сессиясының шешімін қабылдағаннан кейін қалалар мен аудандардың бюджеттерінің кіріс бөлігінен бюджеттік алудың мөлшерін анықтайды (әрі - бюджеттік алудың проценттерін) және оларды қалалар мен аудандардың әкімдеріне жеткізеді.
Тармақ 3
3. Бюджеттік алуларды аударуды қалалық (аудандық) қаржылық органдар (бұдан әрі — аумақтық қаржылық органдар) бюджеттік алулардың бекітілген көлемі шегінде "Берешектің түсуі" 107101 коды бойынша кірістерден басқа өткен күннің қорытындысы бойынша («Қазақстан Республикасы бюджеті кірістерінің «Салықтық түсімдер», «Салықтық емес түсімдер» және «Капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістер» бюджеттік сыныпталу санаттары бойынша) қалалар және аудандар бюджеттері кірістері мен бюджеттік алулардың проценттеріне есептелген сомада қалалық (аудандық) бюджеттің ағымдағы шотынан өз бетіне қаржылық рұқсат беру жолымен жүргізіледі.
Облыстық бюджеттің кірісіне қаражатты аударуды төлемді тапсырмамен бір мезгілде қаржылық рұқсаттың ашылуымен қатар жүргізу керек.
Тармақ 4
4. Қостанай облысының қаржы департаменті:
қалалар мен аудандардың бюджеттерінен облыстық мәслихаттың сессиясы шешімімен бекітілген сома шегінде бюджеттік алудың ай сайынғы бөлінуін жүзеге асырады;
ай сайын бюджеттік алудың кем және асыра төлеу сомасын анықтайды және оларды үш күндік мерзімде (3 қосымшаға сәйкес) қосылып беріліп отырған нысан бойынша тиісті анықтама түрінде қалалар мен аудандардың әкімдеріне және аумақтық қаржы органдарына жеткізеді.
Аумақтық қаржы органдары:
алдыңғы айларда бюджеттік алудың артық төлеуі бар болса, қалалар мен аудандардың бюджеттерінен артық төлеудің сомасына арналған бюджеттік алу жасамайды;
өткен айдың аяғына есептеулер бойынша бюджетгік алуларды толық төлемеген жағдайда толық төленбеген мөлшер қалпына келтірілгенге дейін, осы Ереженің 3 тармағына сәйкес анықталғандай жоғарыда сомада бюджеттік алу жүргізеді, бірақ ол осы күннің басында қалалық, аудандық бюджеттердің шоттарындағы қалдықтардан 50% аспауы керек;
қала (аудан) бойынша өткен күн ішінде түсім түспесе немесе түсімдердің басқа түрлері бойынша жүргізілген қайтарулар мен қайта есептеулердің салдарынан олардың кері әсер етуі жағдайында осы күннің жиынтығы бойынша бюджеттік алуларды жүргізбейді.
Тармақ 5
5. Қалалар мен аудандар бюджеттерінің кіріс бөлігі орындалмаған жағдайда бюджеттік алулар көрсетілген бюджеттердің кіріс бөлігінің орындалуында тепе-тең жүргізіледі және осы Ережелердің 3 және 4 тармақтарында анықталған шарттарды ескере отырып, жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Қостанай облысының қаржы департаментіне бюджеттің орындалу процесінде қалалар мен аудандардың бюджеттерінен бюджеттік алу бойынша төлемдердің мерзімін ұзарту құқығы берілсін.
Тармақ 7
7. Облыстық мәслихаттың сессиясы шешімімен белгіленген сомада бюджеттік алулар қаржы жылының ішінде жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Осы қаржы жылындағы бюджеттік алулар бойынша соңғы есеп ашу үстіміздегі қаржы жылының 31 желтоқсанына қалалар мен аудандардың бюджеттеріне нақты түскен түсімдерден есептеу кезеңіне жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Бюджеттік алудың толық және уақытында аударылуына бақылау жасауды Қостанай облысының қаржы департаменті жүзеге асырады.
Басқа 16. 2000 жылы облыстық бюджетке аудандық және қалалық бюджеттерден берілетін бюджеттік алудың проценттері
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 267 шешіміне 2 қосымша
2000 жылы облыстық бюджетке аудандық және қалалық бюджеттерден берілетін бюджеттік алудың проценттері
№
Аудан (қала) атауы
Бюджеттік алудың проценттері
1.
Әулиекөл
34,23
2.
Денисов
44,81
3.
Жітіқара
31,24
4.
Қамысты
6,44
5.
Қарабалық
26,08
6.
Қарасу
12,31
7.
Қостанай
38,78
8.
Сарыкөл
18,65
9.
Таран
48,91
10.
Ұзынкөл
15,02
11.
Федоров
22,03
12.
Арқалық қаласы
44,45
13.
Қостанай қаласы
47,90
14.
Лисаков қаласы
69,00
15.
Рудный қаласы
76,54
Басқа 17. 1999 жылдың ________________
(айы)
бюджеттік алудың кем және асыра төлеу сомасы туралы
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 267 шешіміне 3 қосымша
1999 жылдың ________________
(айы)
бюджеттік алудың кем және асыра төлеу сомасы туралы
АНЫҚТАМА
№
Аудан (қала) атауы
Сомасы
Кем төлегені
Асыра төлегені
1
Әулиекөл
2
Денисов
3
Жітіқара
4
Қамысты
5
Қарабалық
6
Қарасу
7
Қостанай
8
Сарыкөл
9
Таран
10
Ұзынкөл
11
Федоров
12
Арқалық қаласы
13
Қостанай қаласы
14
Лисаков қаласы
15
Рудный қаласы
Қаржы департаментінің директоры М.А.Щеглова