Об утверждении комплексной программы по сотрудничеству органов государственной исполнительной власти с представителями печатных и электронных средств массовой информации Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік атқарушы билік органдарының Қостанай облысы бұқаралық ақпаратының баспа және электрондық құралдары өкілдерімен ынтымақтасуы жөніндегі кешенді бағдарламасын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 13.12.2004 № 55 шешімімен.
"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасынының 2-бабын жүзеге асыру және облыстың мемлекеттік атқарушы билік органдарының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен сындарлы ынтымақтастығын орнату, баспасөз-қызметтерінің іс-әрекеттерін үйлестіру мақсатында ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік атқарушы билік органдарының Қостанай облысы бұқаралық ақпаратының баспа және электрондық құралдары өкілдерімен ынтымақтасуының кешенді бағдарламасы бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Облыстың қалалары және аудандарының әкімдері ұқсас аймақтық бағдарламаларды әзірлесін.
Тармақ 3
3. Барлық мүдделі ұйымдар мемлекеттік атқарушы билік органдарының Қостанай облысы бұқаралық ақпаратының баспа және
электрондық құралдары өкілдерімен ынтымақтасуы жөніндегі кешенді бағдарламаның сөзсіз өрындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің жүзеге асырылуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа, облыс әкімі аппараты баспасөз-қызметінің басшысы В.Г. Лосевке жүктелсін.
Басқа 5
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 13 желтоқсандағы
257 шешіміне
қосымша
Мемлекеттік атқарушы билік органдарының бұқаралық ақпараттың баспа және электрондық құралдары өкілдерімен ынтымақтасуы жөніндегі кешенді бағдарламасы.
Тармақ 1
1. Мемлекеттік атқарушы билік органдарының бұқаралық ақпараттың баспа және электрондық құралдарымен ынтымақтасуының механизмін әзірлеу:
Атауы
Мерзімі
Жауаптылар
Журналистердің тіркелуін жүргізу
Қараша
Облыс әкімі аппаратының баспасөз-қызметі, облыстың ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы АҚКБ келісім бойынша
БАҚ басшыларымен және тіркелген журналистерімен өзара бірлесе қимылдаудың әдістері туралы семинар кеңес өткізу
Қараша
Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі, облыс әкімі аппаратының баспасөз-қызметі, АҚКБ (келісім бойынша)
Тармақ 2
2. Баспа және электрондық БАҚ мемлекеттік атқарушы билік органдарының оң бейнесін қалыптастыру:
Баспа және электрондық БАҚ мемлекеттік органдары басшылары сөздерінің медиа-жоспарларын әзірлеу
Ай сайын
Облыс әкімі аппаратының баспасөз-қызметі; АҚКБ (келісім бойынша)
Баспасөз-мәслихаттарын өткізу
Жоспарға сәйкес
Облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі; АҚКБ (келісім бойынша)
Ресми материалдар, мемлекеттік органдардың қызметі туралы баспасөз-релиздерін даярлау
Жоспарға сәйкес
Облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі
БАҚ ақпаратының материалдарының мониторингін өткізу
Тұрақты түрде
АҚКБ (келісім бойынша)
Тармақ 3
3. Мемлекеттік атқарушы билік органдарының түсініктеме жұмысын жүргізу мақсатында материалдар даярлау:
Мемлекеттік қызметке іріктеудің конкурстық жүйесі туралы
Ай сайын
Мемлекеттік қызмет басқармасы
Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің сапалық құрамын жақсарту жолымен мемлкеттік аппаратты сауықтыру барысы туралы
Тоқсан сайын
Ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімі
Барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысы туралы
Ай сайын
Қалалар, аудандар әкімдері
Бюджеттік қаражатты жұмсау туралы
Тоқсан сайын
Облыстық қаржы департаменті
Кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу жосығын жеңілдету туралы
Тоқсан сайын
Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі департамент
Әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан реформалар туралы
Ай сайын
Білім департаменті; мәдениет басқармасы; денсаулық сақтау басқармасы; еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі
Зейнеткерлік реформасы жөнінде түсініктеме
Ай сайын
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық
«2030-стратегиясын» насихаттау туралы
Тоқсан сайын
Қалалар, аудандар әкімдері, ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі
Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауын насихаттау туралы
Тоқсан сайын
Қалалар, аудандар әкімдері, ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі
Облыстық коммуналдық қызмет көрсету орындарының жұмысы туралы
Ай сайын
Инфрақұрылым және құрылыс департаменті
Облыстың ұлттық-мәдени орталықтарының қызметі туралы
Ай сайын
Қазақстан халықтарының облыстық Ассамблеясы
Ауылшаруашылық саласындағы реформалар туралы
Тоқсан сайын
Ауыл шаруашылығы және азық-түлік департаменті
Жаңа жұмыс орындарын құру туралы
Тоқсан сайын
Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы; шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі департамент
Жұмысы жоқ тұрғындарды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы
Тоқсан сайын
Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы
Тілдерді қолдану және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау туралы
Тоқсан сайын
Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі; АҚКБ (келісім бойынша)
Кәмелетке жасы толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың кешенді бағдарламасын жүзеге асыру туралы
Тоқсан сайын
Облыс әкімі жанындағы кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі комиссия
Тармақ 4
4. Жемқорлықпен күрес туралы түсініктеме жұмысын жүргізу және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің оң бейнесін қалыптастыру:
Баспасөз-қызметінің жұмысын жандандыру
Қазан
ІІБ, ҰҚК, салық полициясының, кеден комитетінің, облыстық прокуратураның, облсоттың баспасөз-қызметі (келісім бойынша)
Брифингтер өткізу
Ай сайын
ІІБ, ҰҚК, салық полициясының, кеден комитетінің, облыстық прокуратураның, облыстық соттың баспасөз-қызметі (келісім бойынша)
Баспасөз-релиздерін даярлау және баспа БАҚ тарату
Ай сайын
ІІБ, ҰҚК, салық полициясының, кеден комитетінің, облыстық прокуратураның, облсоттың баспасөз-қызметі (келісім бойынша)
Мемлекеттік органдардағы жемқорлықпен күрес жөніндегі оң мәліметтер туралы материалдар әзірлеу және жариялау
Ай сайын
Облыс әкімі жанындағы тәртіптік кеңес; облыс әкімі аппаратының баспасөз-қызметі
Баспа және электрондық БАҚ құқық қорғау органдарының жұмысын ашып көрсететін айдарлар енгізу
Қазан
Баспа және электронды БАҚ бас редакторлары, АҚКБ (келісім бойынша)
Құқық қорғау органдарының жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмысын жандандырудың негізгі ойы туралы материалдар әзірлеу
Тұрақты түрде
ІІБ, ҰҚК, салық полициясының, кеден комитетінің облыстық прокуратураның, облсоттың баспасөз-қызметі (келісім бойынша)