О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы" 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 280 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Мемлекеттік қызметтегі бос лауазымға орналастыру конкурсын өткізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 мамырдағы N 649 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 24, 206-құжат);
Тармақша 2
2) "Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 тамыздағы N 798 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 29, 252-құжат).
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.