Теректі ауданының кейбір елді мекендердің шекараларын (шегін) өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108 бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабы 3 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 4) тармақшасына сәйкес, жерлерді тиімді пайдалану және жер құнарлығын арттыру мақсатында, ауылдардың басқару органдарының пікірін ескере отырып Теректі аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Теректі ауданының кейбір елді мекендердің шекараларын (шегін) өзгерту туралы от 14.06.2010 г. № 30-3 (Теректі ауданының кейбір елді мекендердің шекараларын (шегін) өзгерту туралы)
1. Теректі ауданының келесі елді мекендердің шекаралары (шегі) өзгертілсін:
1) Ақсуат ауылына 1210,7 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 2578,9 гектарына өзгертілсін;
2) Барбастау ауылына 131,9 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 849,1 гектарына өзгертілсін;
3) Богданов ауылына 442,9 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 948,5 гектарына өзгертілсін;
4) Долинск ауылына 2362,7 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 3687,2 гектарына өзгертілсін;
5) Жайық ауылына 639,0 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 1069,0 гектарына өзгертілсін;
6) Мамбетбай ауылына 43,3 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 1089,8 гектарына өзгертілсін;
7) Жаңа Өмір ауылына 964,3 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 3353,9 гектарына өзгертілсін;
8) Новопавлов ауылына 350,2 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 1582,4 гектарына өзгертілсін;
9) Подстепный ауылына 1589,6 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 2893,6 гектарына өзгертілсін;
10) Покатилов ауылына 1017,0 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 3947,0 гектарына өзгертілсін;
11) Тоқпай ауылына 360,2 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 369,1 гектарына өзгертілсін;
12) Федоров ауылына 1605,9 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 6777,6 гектарына өзгертілсін;
13) Юбилейный ауылына 105,0 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 212,6 гектарына өзгертілсін.
2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.