О предоставлении гражданам, проживающим в Акмолинской области, бесплатного проезда за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 12 бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүру ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Еріп баратын тұлғаны алуға құқығы бар: 18 жасқа дейінгі балалардың; көзі көру бойынша бірінші және екінші топтағы мүгедектердің; бірінші топтағы мүгедектер мен дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы бойынша науқастардың.
Тармақ 3
3. Емделу үшін теміржол көлігімен (бірақ купелік вагон билетінің құнынан аспайтын мөлшерде), қалааралық автомобиль көлігімен жүргенде, науқас пен еріп баратын тұлғаның жол ақысының құнын төлеу екі жақ шетіне де жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы В. Маджуга Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы М. Тақамбаев