Қақпатас ауылындағы көше атын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қақпатас ауылындағы көше атын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қақпатас ауылында орналасқан Достық көшесінің аты Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері Серікбаев Қабди атындағы көшесі болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округінің әкімі аппаратының іс жүргізуші Г. Садуакасоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.