О наименовании отдельных составных частей города Шымкента Қолданыста
Басқа 0
Шымкент қаласының жеке құрамдас бөліктеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабы 4 тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
Тармақ 1
1. Әл-Фараби ауданындағы көлдің маңындағы, солтүстік жағынан Тәшенов көшесімен, батыс жағынан Түркістан көшесімен шектелетін аумақ «Шәмші әлемі» шағынбағы деп аталсын.
Тармақ 2
2. Еңбекші ауданының Сухэ-Батор көшесі Жұмабай Шаяхметовтың есімімен;
Абай ауданының Чкалов көшесі Пердебек Ерназаровтың есімімен қайта аталсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы мен бірлескен шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.