Құжат мәтініне өту

«Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы» Ережені бекіту туралы

Ереже · № 39-183 · қабылданған 23.06.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.06.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-53685/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
«Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы» Ережені бекіту туралы Күшін жойған Ереже ·№ 39-183 ·23.06.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

«Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы» Ережені бекіту туралы

ҚАЗ«Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы» Ережені бекіту туралы

Күшін жойған Ереже ·№ 39-183 · қабылданған 23.06.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
«Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы» Ережені бекіту туралы
Атауы (қаз.)
«Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы» Ережені бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
39-183
Қабылданған күні
23.06.2010
Көрсетілген редакция
11.06.2012 · қолданыстағы 53685_193133.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
11.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10DG000105
ЭКБ идентификаторы
53685
Редакция идентификаторы
53685_193133
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:56

0 ««Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы» Ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 12-2 тармақшасына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы Ереже (қосымшада берілді) бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғаш ресми жариялғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Жамбыл аудандық мәслихаттың

2010 жылғы «23» маусымдағы
«Жамбыл ауданының Құрметті
Азаматы» атағын беру туралы
№ 39-183 шешіміне қосымша
«Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы»
атағын беру туралы
ЕРЕЖЕ

4 1.Жалпы ережелер

1

1.«Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын Жамбыл ауданының әкімдігі белгілейді. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағы Жамбыл ауданы мәслихатының шешімі бойынша беріледі. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру өте маңызды моралдық көтермелеу, ауданның экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуына марапатталушының сіңірген ерекше еңбегін бағалау болып табылады. «Жамбыл ауданының Құрметті азаматы» атағын берудің мақсаты еңбек сіңірген азаматтардың есімдерін Жамбыл ауданының тарихында сақтау болып табылады.

2 2. Атақ беру жөніндегі талаптар

2 2. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағы өмірбаяны Жамбыл ауданымен байланысты, мемлекеттік наградалары немесе өзге де марапаттаулары бар, ауданның экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуына ерекше еңбек сіңірген, өзіндік үлес қосқан төмендегі талаптарға сай келетін тұлғаларға беріледі:

1 1) Ұлы Отан соғысы кезінде қаһармандық көрсеткендерге және ерлік жасағандарға немесе бейбіт уақытта кәсіби міндеттерін немесе азаматтық борышын орындау кезінде жеке басының ерлігімен танылғандарға, сондай-ақ, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту жұмысына елеулі үлес қосқандарға;

2 2) өзін жергілікті басқару саласында көрсете білген, ауданның дамуына, тәуелсіз егеменді Қазақстанның тұтастығын сақтауға елеулі үлес қосқан мемлекеттік және саяси қайраткерлерге;

3 3) халық шаруашылығының салаларында инновациялық қызмет атқарып, озық технологияларды енгізгендерге, сондай-ақ, ауданның экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуына ерекше ықпал еткендерге;

4 4) аудан халқын сауықтыруға үлес қосқандарға, емдеу, аурудың алдын алу жұмысының үнемді және тиімді әдістерін енгізгендерге;

5 5) қоршаған ортаны қорғау және өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту саласында үлес қосқандарға;

6 6) ғылымды, техниканы, әдебиетті, өнер мен қызметтің басқа түрлерін дамытуға елеулі үлес қосқандарға;

7 7) Қазақстан Республикасы азаматтары - өскелең ұрпақ бойында азаматтықты, мәдениеттілік пен патриотизмді тәрбиелеуге, сондай-ақ, білім беру сапасын жетілдіру мен арттыруға айырықша үлес қосқандарға;

8 8) отандық спорттың әлемдік ареналарда даңқын шығарған олимпиадалық ойындардың, әлем чемпионаттарының және басқа халықаралық жарыстардың жеңімпаздарына және жүлдегерлеріне;

3 3. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағы сіңірген еңбегі үшін, немесе саяси және қоғамдық қызметіне құрмет көрсету үшін, сондай-ақ, көрсеткен ерлігі үшін басқа қалалардың, аудандардың, республиканың басқа өңірлерінің азаматтарына да берілуі мүмкін.

3 3. Атақ беру тәртібі

4 4. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағына үміткерлерді Жамбыл ауданының әкімі ұсынады.

5 5. Аудан әкімінің ұсынымында үміткерлердің:

1 1) өмірбаяндық мәліметі;

2 2) ерекше еңбегі, Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген мемлекеттік наградаларының және өзге де атақтарының тізбесі көрсетіледі.

6 6. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы ұсыным еңбек ұжымы, қоғамдық бірлестік, немесе селолық және поселкелік округтер әкімдерінің қолдау хаттары негізінде жасалады.

7 7. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы ұсыным аудандық мәслихаттың сессиясында қаралады.

8 8. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағы алып тасталмаған немесе өтелмеген соттылығы бар тұлғаларға берілмейді.

9 9. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы мәселенің қаралуы және шешімінің қабылдануы, атаққа ұсынылған тұлға болмаған кезде қабылдануы мүмкін.

10 10. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы ұсыным аудандық мәслихаттың сессиясында қатысқан депутаттар санының көпшілік дауысымен, ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

11 11. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы аудандық мәслихат шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

12 12. Жамбыл ауданының Құрметті Азаматының аты жұртшылықтың ұсынысымен ауыл, кент көшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте берілуі мүмкін.

13 13. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын алған адам қайтыс болған жағдайда оның құжаттары туысқандарының немесе мұрагерлерінің қалауы бойынша мұражайларға берілуі мүмкін.

14 14. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы Ережені аудандық мәслихат бекітеді.

15 15. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағымен бірге куәлік, төсбелгі және «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» лентасы қоса беріледі.

16 16. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматының» лентасы, куәлігі, төсбелгісі үлгілерін аудан әкімі белгілейді.

17 17. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағы бір адамға екінші рет қайтара берілмейді.

18 18. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағы қайтыс болған адамдарға берілмейді.

19 19. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағы берілетін адамның басқа аудандардың да немесе облыстардың да «Құрметті азаматы» атағы иегері болуы мүмкін.