Құжат мәтініне өту

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі туралы

Қаулы · № 190 · қабылданған 24.06.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.09.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-53698/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 190 ·24.06.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі туралы

ҚАЗАз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 190 · қабылданған 24.06.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі туралы
Атауы (қаз.)
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
190
Қабылданған күні
24.06.2010
Көрсетілген редакция
23.09.2010 · қолданыстағы 53698_195307.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
23.09.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10DQ000088
ЭКБ идентификаторы
53698
Редакция идентификаторы
53698_195307
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:55

0 Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі туралы

Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 25 бабының 2 тармағының 9 тармақшасына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 қаулысының 5 тармағына және Сарқан ауданының Әділет басқармасындағы нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 13 сәуірінде N 2-17-83 болып енгізілген Сарқан ауданы мәслихатының 2010 жылғы 13 наурызындағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматқа) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" N 32-205 шешімін жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауылдық, поселкелік және қалалық округтердің әкімдері:

- аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматқа) тұрғын үй көмегіне мұқтаж, тұрмысы төмен отбасыларды (азаматтарды) анықтау үшін комиссия құрсын.

2 2. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі бекітілсін.

3 3. "Сарқан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Тертюбаев О.Ш.) тұрғын үй көмегіне мұқтаж анықталған отбасыларына тұрғын үй көмегінің төленуін қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ. Маманбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.