«Об организации противопожарной службы на объектах хозяйствования в целях предупреждения пожаров» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өрттен сақтандыру мақсатында шаруашылық нысандарында өрт сөндіру қызметтерін ұйымдастыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 05.06.2007 № 32 өкімімен. Ақмола облысы шаруашылық нысандарында өрт сөндіру қызметтерін ұйымдастыруды жақсарту мақсаттарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.05.99 ж. №616 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы», 27.04.99 ж. №482 «ҚР-ның төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне бағынышты ұйымдар туралы» Қаулыларына сәйкес:
Тармақ 1
1. Облыстық өрт сөндіру қызметі білім, денсаулық сақтау, мәдениет, басқару органдары және басқа саладағы мекемелердің нысандарындағы өрттерді келісім-шартсыз негізде, мемлекеттік бюджет есебінен, №1 қосымшадағы тізімге сәйкес сөндіруді жүзеге асырсын.
Тармақ 2
2. Барлық ұйымдардың басшыларына, қандай меншік түріне жататынына қарамастан, өз жұмыстарын шаруашылық жүргізу принципімен жүзеге асыру міндеттелсін: - мемлекеттік өрт сөндіру қызметі органдарымен келісе отырып, әрқайсысы өз алдына ведомстволық нормативтерге сәйкес өрт сөндіру қызметтерін құрсын немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы «Өрт сөндіруші» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалымен келісім-шарт жасасын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Сейітжанов пен төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың бастығы И.Қанапияновқа жүктелсін.
Басқа 4. Мемлекеттік бюджет есебінен шарт жасаспау негізінде өрт сөндіруді жүзеге асырылатын нысандардың ТІЗБЕСІ
Ақмола облысы әкімінің 14.01.2000 ж. № 1-207р өкіміне №1 қосымша Мемлекеттік бюджет есебінен шарт жасаспау негізінде өрт сөндіруді жүзеге асырылатын нысандардың ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Заң шығару және атқарушы органдар, қорғаныс министрлігі және ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының нысандары және бюджеттен қаржыландырылатын басқа да нысандар.
Тармақ 2
2. Өз жұмысын коммерциялық емес негізде жүргізетін білім беру, кадрлар дайындау нысандары:
Тармақ 2.1
2.1. Мектепке дейінгі балалар мекемелері.
Тармақ 2.2
2.2. Жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептер, мектеп-интернаттар, мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттары.
Тармақ 2.3
2.3. Кәсіби-техникалық училищелер, кадрлар дайындау және қайта дайындау жөніндегі оқу орындары.
Тармақ 2.4
2.4. Орта-арнайы оқу орындары.
Тармақ 2.5
2.5. Жоғары оқу орындары.
Тармақ 2.6
2.6. Мамандарды дайындау және білімін жетілдіру оқу орындары.
Тармақ 3
3. Бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау және демалыс нысандары.
Тармақ 3.1
3.1. Жатып емделетін емдеу мекемелері, амбулаториялық-емханалық дәріханалар.
Тармақ 3.2
3.2. Санаторилер, профилакторилер.
Тармақ 3.3
3.3. Демалыс және туризм мекемелері.
Тармақ 4
4. Мәдени ағарту бағытындағы қоғамдық нысандар.
Тармақ 4.1
4.1. Кітапханалар.
Тармақ 4.2
4.2. Мұражайлар мен көрмелер.
Тармақ 4.3
4.3. Театрлар, концерт залдары, кинотеатрлар, клубтар, мәдениет үйлері және басқа да 800 орынға лайықталған залдар.