Об изменении границ Алгабасского и Шаянского сельских округов Байдибекского района Южно-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданындағы Алғабас және Шаян ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11- бабына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек аудандық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Бәйдібек ауданының Шаян ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Алғабас ауылдық округінен жалпы көлемі 107,0 гектар жер бөлігінің қосылуымен Шаян және Алғабас ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.