О некоторых вопросах административно-территориального устройства Казыгуртского, Сайрамского районов Южно-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт, Сайрам аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, тиісті аумақтардағы тұрғындардың пікірлерін ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт, Сайрам аудандары мәслихаттары мен әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қазығұрт ауданы Жігерген ауылдық округінің аумағынан жаңадан ауыл құрылсын және оған Диқан атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Сайрам ауданы Жұлдыз ауылдық округінің аумағынан жаңадан ауыл құрылсын және оған Жалын атауы берілсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.