О переименовании отдельных административно-территориальных единиц Южно-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, тиісті аумақтардағы тұрғындардың пікірлерін ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Түлкібас аудандары мәслихаттары мен әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктері:
Сайрам ауданы бойынша:
Көлкент ауылдық округінің Пахтазарибдар ауылы – Қосбұлақ ауылы болып;
Қайнарбұлақ ауылдық округінің Көмешбұлақ-2 ауылы - Қасымбек датқа ауылы болып;
Түлкібас ауданы бойынша:
Балықты ауылдық округінің Калинин ауылы – Көкбұлақ ауылы болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.