Об изменении границ города Жетысай и сельского округа Жана аул Мактааральского района Южно-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданындағы Жетісай қаласының және Жаңа ауыл ауылдық округінің шекараларын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал аудандық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жетісай қаласының әкімшілік шекарасына Жаңа ауыл ауылдық округінен жалпы көлемі 5,2 гектар жер бөлігінің қосылуымен Мақтаарал ауданындағы Жетісай қаласының және Жаңа ауыл ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.